Депутаттарға күні қарап қалған қауқарсыз министрлер кім, Қошанов мырза?

Депутаттар каникулға шықты. Министрлердің мәселесін енді кім шешіп береді?

  • 30.06.2022
Ерлан Кошанов. Фото: Турар Казангапов

Бүгін Парламент мәжілісі спикері жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының жұмысын қорытындылады.

Екінші сессияны қорытындысында «Парламент Палаталарының 4 бірлескен отырысы, Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, онда 148 мәселе қаралғаны» айтылды. Жалпы, осы екінші сессияда қос Палатаның 127 заң жобасын қарап, оның 78-ін қабылдапты. Оның 66-сы президенттің қол қоюымен күшіне енген.

Және суперпрезиденттік жүйеден арылу, парламентті мықтау туралы да шабыттана сөйледі. Бір қызығы, қаралған заң жобаларының 27-сі депутаттардың бастамашылығымен әзірленгенін және оның 19-ы қабылданғанын, қалғаны қаралып жатқанын баса айтқан спикер бұл бастамашылықтың дені президент тапсырмасын орындауға бағытталғанына ерекше тоқталды.

Биыл депутаттар әдеттегіден де белсеніп, науқан сайын ел аралауға шыққаны белгілі. Оның негізгісі референдум қарсаңында болды. Қай қиырға қарасаң да «Тоқаевтың бастамасы»; «Жаңа Қазақстан»; «Түбегейлі реформа»; «Конституцияны өзгерту – заман талабы» деген сияқты жаттанды сөздерді гулетіп жүрген депутаттарды көргенбіз. Бірақ, Қошанов депуттардың бұл жүрісін «сайлаушылармен байланысқа баса көңіл бөлу» деп атады.

«Бүгінгі таңда, демократиялық дәстүрлері толысқан мықты азаматтық қоғам құрып жатырмыз. Бұл біздің стратегиялық бағытымыз. Мемлекет басшысы осы бағытты берік ұстануымыз қажет екенін айрықша атап өтті. Осы мақсатта депутаттар өңірлерге 8 мәрте барып, 7 200-ге жуық кездесу өткізді», - деді ол.

Оның ойынша депутаттар осы кездесулерден олжалы қайтқан, соның нәтижесінде парламент қабырғасында үкімет мүшелері жауап беріп, депутаттар сауал жолдап, біраз шаруа тындырылыпты. Бұл жұмыстарға спикердің көңілі әбден толған сияқты, алдағы уақытта осы тәжірибені жалғастырам деп отыр. Және бұдан былай депутаттар шұғыл жағдайда оқиға орнына аттанып кететін болады. Қошанов не де болса кез кезлеген мәселеден шет қалмай, оны шешу үшін алдыңғы шепте жүреміз деп уәде де берді. Енді алдағы уақытта «Жаңа Қазақстан» деген депутаттық топ сіздің көшеңізде, сіздің ауылыңызда жүрсе таңғалмаңыз.

Қошановтың депутататтары екінші сессияда 494 депутататтық сауал жолдаған және 3 парламенттік тыңдау өткізген. Бұдан былай қоғамдық талқылаулар әлеуметтік желілер мен алаңдарда емес, парламент қабырғасында шешілетіні жайлы да айтып қалды. Демек, Үкімет үйінің, Парламент ғимаратының, әкімдіктердің, тіпті Ақорданың алдына түнеп, наразылық білдіріп жүрген әлеуметтік проблемасы бар топтар бұдан былай жылы жерде – парламенттің төрінде отырып, проблемасын шеше алады деген сөз.

Парламенттегі бір қызық – үкімет сағаттары. Биыл бұл бағытта 14 үкімет сағаты өтіпті. Барлық салада тек қана жағымды көрсеткіш туралы сөйлеген Қошанов дәл үкімет сағатына келгенде «жекелеген кемшіліктер» болғанын айтып қалды. Соған қарағанда, заң жобасын әзірлеу кезінде министрлер Қошановты біраз шаршатқан сияқты. «Дұрыс жоспарламау, заң жобаларының жеткілікті пысықталмауы және дайын болмауы» - бұл спикер айтқан ең басты жүйелі кемшілік.

«Үкіметтің көбінесе мерзім жақындаған кезде белсенділігі арта бастайды. Парламент қабырғасында заң жобаларының көптеген нормаларын қайта өңдеп шығу, жекелеген нормалар бойынша Үкімет мүшелерінің нақты ұстанымының болмау үрдісі қалыптасты. Қаралып жатқан заң жобаларына өзгерістер толассыз енгізіледі, олардың ішінде жобаның тұжырымдамасына сай келмейтін түзетулер де бар. Соның салдарынан заң жобасының бастапқы концепциясы айтарлықтай өзгереді.

Министрлер депутаттар арқылы өздерінің «жанып тұрған» мәселелерін шешіп қалғысы келетін жағдайлар да бар. Бұл Мәжілісте де, Сенатта да қаралу сатысында кездеседі», - деп қалды Қошанов.

Үкіметке қанша өкпе артқанмен, нақты қандай министр қай депутатты пайдаланғанын нақтылап жатпады. Бар болғаны депутаттардың жолдаған жауаптарына мардымды жауап келмейтінін, сырғытпа жауаптардан шаршағанын білдірді. Осылай жұмсара кедіп, жиын соңында өзі сынаған үкімет мүшелеріне әріптестік бірлігі үшін алғыс та айтты.

Министрлердің «жанып тұрған» мәселесін шешіп беріп жүрген «қаһарман» депутаттар кім? Және депутаттың арқасында проблема шешіп жүрген қауқарсыз министрлер кім? Спикер осы мәселені анықтап айтса және айтқаны рас болса, өзі айтқан Тоқаевтың мықты парламент туралы тапсырмасын мүлтіксіз орындағаны...

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

27.03.2025

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

26.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025

Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

26.03.2025

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

25.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Тоқаев Қытай Коммунистік партиясының мүшесін қабылдады

Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

31 наурыз-1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады