Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды

Қос тарап парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Malim Админ

  • 05.03.2024

Мәжіліс төрағасы  Ерлан Қошанов Татарстан басшылығымен парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Сапар барысында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесіп, жуырда ғана Қазанда өткен «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің салтанатты ашылуына қатысқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді.  

Ерлан Қошанов Татарстан Ресейдің жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі және біздің еліміз үшін маңызды серіктес екенін атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықты, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Мәжіліс спикері осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «IT-мемлекетке» айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанын айтты.

Өз кезегінде Рустам Минниханов Қазақстан Президентімен кездесуді ерекше ықыласпен еске алып, қазақ және татар халықтарының тарихи-мәдени деңгейдегі жақындығын атап өтіп, Қазақстан мен Татарстан IT-парктерінің әлеуетін біріктіруді ұсынды.

Сапар барысында Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесіп, Қазақстан депутаттарының заң шығару жұмысы туралы айтып берді.  Сондай-ақ ол әріптестерін Мемлекеттік Кеңестің 30 жылдығымен құттықтады.

«Бізге парламентаралық байланысты дамытып, жиған тәжірибемен алмасу өте маңызды. Депутаттар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асуына жан-жақты атсалысуға тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының негізін өңіраралық ынтымақтастық құрайды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының 89 субъектісінің 76-сымен тікелей сауда-экономикалық байланыс белсенді түрде дамып келеді. Олардың ішінде Татарстан көш бастап тұр», – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Өз кезегінде Фарид Мухаметшин өзара мәдени және туристік байланысты нығайтуға шақырды.

Байланысты жаналықтар

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Италияның премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

21.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Гарри ханзада Украинаға "құпия" сапармен барды – БАҚ

11.04.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025
MalimBlocks
Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Италияның премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони 26–27 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапармен келеді

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Гарри ханзада Украинаға "құпия" сапармен барды – БАҚ

Ұлыбритания ханзадасы Гарри 10 сәуірде Украинаға барды, алайда бұл туралы еш жерде жарияламады

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды