Италияның премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони 26–27 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапармен келеді

Италия Үкіметінің басшысы Джорджа Мелони 26–27 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар қазақ-итальян стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылайды.
27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" атты алғашқы саммит өтеді.
Еске салайық, қаңтарда Тоқаев пен Мелони Абу-Дабиде өткен "Тұрақты даму апталығы" аясында кездесіп, Мемлекет басшысы Италия премьерін туған күнімен құттықтаған болатын.
Сол айда Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барып, әйгілі үш ғасырлық тарихы бар Палаццо Киджи сарайында Джорджа Мелонимен кездескен еді. Кейін премьер Instagram-парақшасында Тоқаевпен бірге түскен суретін жариялаған.
Джорджа Мелони туралы не белгілі?
Айта кетейік, Джорджа Мелони — Италия тарихындағы Үкімет басшысы қызметіне келген алғашқы әйел. Ол 2022 жылғы 22 қазаннан бері премьер-министр қызметін атқарады. Бұған дейін Сильвио Берлусконидің төртінші үкіметінде жастар ісі жөніндегі министр болған. Сонымен қатар, ол 2014 жылдан бері "Италия бауырлары" партиясының және 2020 жылдан бастап Еуропалық консерваторлар мен реформистер партиясының жетекшісі.
Фото: Ақорда
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
