Францияның премьер-министрі отставкаға кетеді

Фото: www.economist.com
Бейсенбі күні әсіре оңшыл және солшыл заң шығарушылар Франция премьер-министрі Мишель Барньенің үкіметін таратуға дауыс беріп, оны отставакаға кетіретіні белгілі болды. Еуроаймақтағы екінші ірі экономиканы саяси дағдарысқа әкелді дейді партия лидерлері. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазды.
Үш ай бұрын осы лауазымға сайланған ардагер саясаткер президент Эммануэль Макрон оның отставкаға кетуін мақұлдаса, Франция тарихындағы ең қысқа уақыт қызмет еткен премьер-министр болады.
Президент Макрон Барньені Елисей сарайында қабылдағаны айтылды. Оның отставкаға кеткені туралы ресми ақпарат шыққан жоқ.
Ақпарат көздері Макрон тез арада Үкіметке сенімді адам тағайындауды көздеп отыр дейді. Осы сенбі күні Нотр-Дам соборы қайта ашылады, оған АҚШ-тың жаңа сайланған президенті қатысады. Макрон содан бұрын Үкіметтің жаңа басшысын сайлап үлгірмек.