Президент: «Газ, су, электр қуаты үшін төлем тоқтатылады»

Malim Админ

  • 17.03.2020

16 наурыздан бері коронавирсқа қатысты елде жүріс-тұрысты шектеген Франция президенті Эммануэль МАКРОН «біз соғыс жағдайындамыз» деп мәлімдеді. Бұл туралы BBC сайты жазды.

Макрон елге жасаған жолдауында қатаң түрде карантин жариялап, азаматтардың ел ішіндегі жүріп-тұруына шектеу қойып, Еуроодақ шегінен тыс елдермен қарым-қатынастың тоқтатылатынын айтты.

«Менің сұрап отырғаным бұрын-соңды болып көрмеген жағдай, бірақ, жағдай осыны талап етеді. Біз соғыстамыз», - деді Франция президенті.

«Бұрын-соңды болып көрмеген жағдай» кезінде азаматтар 15 күн бойы жөнсіз үйден аттап шықпайды, көп адам жиналатын шаралар түгелдей тоқтатылады. Маңызы бар ресми реформалар мен мемлекеттік шешімдер де кейінге қалдырылды. Бұл шектеулерді бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, ендігіде коммуналдық қызметтер тегін жүргізіле бастайды.

«Ертеңнен бастап ешкім ақшасыз қалмауы үшін су, электр мен газ, сондай-ақ пәтерақы төлемін есептеу тоқтатылады», - деді президент.

Соңғы мәлімет бойынша, Францияда соңғы бір тәулікте 1,2 мың адам вирус жұқтырып, жалпы саны 6,6 мың адамға жеткен. Коронавирустан 148 адам қайтыс болған.

Айта кету керек, коронавирус Қазақстанда да тіркеліп, соңғы мәлімет бойынша Алматы мен елордада 33 адам жұқтырғаны анықталды. Осыған орай елде төтенше жағдай жарияланып, екі қала 19 наурыздан бастап карантинге жабылатыны белгілі болды.

Байланысты жаналықтар

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Төрт елдің басшысы Киевке барды

10.05.2025

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025
MalimBlocks
Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Төрт елдің басшысы Киевке барды

Киевтің еуропалық одақтастарының басшылары Мәскеуді «атысты 30 күнге толық және сөзсіз тоқтатуға» шақырды

Қырғызстан биыл 600 млн текше метрден астам су жіберетін болды

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты