Генералды өлтірген күдіктінің видеосы жарияланды

Malim Админ

  • 18.12.2024

Фото: ВВС жариялаған күдіктінің фотосы

Ресейдің Тергеу комитеті мен Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісінің өліміне күдікті ретінде Өзбекстан азаматын ұстағанын хабарлады. Тергеуде күдікті бұл әрекетті Украина барлау қызметінің тапсырмасымен жасағанын айтып, оған 100 мың доллар және «Еуропа елдерінің біріне шығу» уәде етілгенін жеткізді., деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Сәрсенбі күні таңертең Тергеу комитеті мен ФСБ Ресейдің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы Кирилловтың және оның көмекшісінің жарылыстан қаза болғанын хабарлады.

ФСБ күдіктіден жауап алу кезіндегі видео таратты. Онда күдікті ер адам Мәскеуге «украиналық арнайы қызметтің тапсырмасымен» келгенін айтады. Бірнеше ай өткен соң ол самокат сатып алған, «бомба жасауға арналған заттар» жеткізілген. Бомба дайын болғаннан кейін құрылғыны генералдың үйінің жанына орнатып, Кириллов подъезден шыққанда, батырманы басқанын айтты.

Күдікті өзін осы әрекетті жасауына «100 мың доллар және еуропалық паспорт» ұсынылғаны түрткі болғанын айтты.

Фотода күдікті делінген Азия нәсілді ер адам қара күртеше киіп отыр (күртешенің жеңі жыртылған). Қолына кісен салынған. 

Бұған дейін Украина қауіпсіздік қызметі генералды өлтіруді арнайы операция ретінде ұйымдастырғаны туралы ВВС-ге ақпарат берген еді.

Кириллов пен оның көмекшісін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті РФ Тергеу комитетіне жеткізілді. Жасаған қылмысы үшін оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

РИА Новости агенттігіне сүйенген ақпарат бойынша, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде өз азаматына қатысты мәліметтерді нақтылауды бастады.

Байланысты жаналықтар

Путинді қолдайтын Полунин Ресейден кететінін мәлімдеді

18.12.2024

Генерал Кирилловты Украинаның қауіпсіздік қызметі өлтірген

18.12.2024

Трамп Украинаның қираған қалаларын Ресейге беруді ұсынуы мүмкін

17.12.2024

Ресей: Біз соғысты тоқтатуға келіспейміз!

17.12.2024

G7: Солтүстік Корея соғысты ушықтырып отыр

16.12.2024

Рамзан Қадыров Грозныйға дрон шабуылдағанын хабарлады

12.12.2024
MalimBlocks
Путинді қолдайтын Полунин Ресейден кететінін мәлімдеді

Генерал Кирилловты Украинаның қауіпсіздік қызметі өлтірген

Трамп Украинаның қираған қалаларын Ресейге беруді ұсынуы мүмкін

«Қалада бірде-бір аман қалған ғимарат жоқ», – деді ол.

Ресей: Біз соғысты тоқтатуға келіспейміз!

G7: Солтүстік Корея соғысты ушықтырып отыр

Рамзан Қадыров Грозныйға дрон шабуылдағанын хабарлады