Мемлекет басшысы IАСА президенті Памела Харристі қабылдады

Malim Админ

  • 27.02.2025

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады. 

 Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті.

– Біз «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек, – деді Президент.

Памела Харристің айтуынша, Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу әлемдік тәжірибедегі анағұрлым тиімді шешімдердің бірі.

Кездесуде сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға қоңырау шалды

27.02.2025

Президент Әл-Хусейния сарайына барды

19.02.2025

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

14.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

11.02.2025

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

08.02.2025

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

31.01.2025
MalimBlocks
Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға қоңырау шалды

Президент Әл-Хусейния сарайына барды

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Ол енді Президенттің көмекшісі лауазымын атқарады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлеет басшысы Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады