Мусин алты айда айыппұлдан басқа түк ойлап таппапты

Мусиннің қайраткерлігі "кейбір құрылымдарға қатысты ашық айта алатын дәуірдегі" "батырлықтан" аса алмай тұр...

Алмас НҮСІП

  • 13.07.2022
Көрнекі сурет/Binance криптовалютасының негізін қалаушы Чанпен Чжао, Касым-Жомарт Тоқаев и Бағдат Мусин. Фото: Ақорда 

Қазақстанды интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша соңғы кезде көбірек белсеніп кеткен цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бәрін жиып  қойып, енді бар проблеманы айыппұл арқылы шешіп бермек.

Айыппұлдың көлемін ұлғайту туралы ойы бар екенін Мусин бұған дейін ақпан айында айтқан. Енді оның нақты көлемі белгілі болыпты. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыппұл көлемі ақпан айындағы жобаға келеді,   10 есе өскен.

«Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұған дейін Президент байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, интернет-байланыстың нақты параметрлерінің операторлар мәлімдеген параметрлерден айтарлықтай алшақтығы үшін жауапкершілікті енгізуді және қатаңдатуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп, операторлардың пайдаланушыларға стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды әзірледі», - деп жазды министрлік баспасөз қызметі.

Президенттің тапсырмасымен іске асып жатқанына ерекше мән беріп жұмыс істейтін Назарбаев дәуіріндегі әдетін сол күйі қоя алмаған шенеуніктерге тән әдетпен, Мусин бұл жұмысқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтардағы үндеуінен кейін барып кіріскен. Бұрын бұл тарапта оншалық белсене қоймайтын жас министр осыдан кейін алдымен интернетті дұрыс тартпағандарға айыппұл көлемін он есе ұлғайтып, 2 миллион теңге төлетеміз деп бір шықты. Артынша, бірер ауылға барып, интернеттің сапасыз екенін көре қойып, оны тартқан компанияға айыппұл да салды, сосын екі ай мерзім ішінде жөнделмесе (неткен ұзақ уақыт!) айыппұлды екі еселеп салатынын, бірақ, мұның да аз екенін тағы айтты.

Ауылдардағы интернетті арзандатудың жөнін айтқаны да осы биыл. Ауылда не көп, көшеде тұрған электр бағандары көп, соларды пайдаланып, интернет желісін тартса, интернетті арзандатуға болады деп, айдан кеше келгенде жаңалық ашты. Бұрындары кей ауылдарға интернет желілері тартылатын, бірақ, соларға арнап өзге бір бағаналар орнатып жатқанын көрмеген сияқты едік, Мусинге бұл ғажап идеяның неге сонша кеш келіп жүргенін түсіне алмай дал болдық.

Мейлі, не де болса, әйтеуір қозғала бастады ғой, бірдеңе істеп қалар деп жүргенде, бағанаға кететін ақшаны үнемдеуді ойлап тапқан «гений» министр арада көп өтпей басқа сылтау ойлап тапты. Ауылдағы интернеттің нашарлығына интернет желісін тартуды монополиялап алған алпауыт компаниялар кінәлі екен.  «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» сияқты монополистер шағын ауылдарға (үлкен ауылдарда бәрі бар деген сөз! – авт.) интернетті не өздері тарпайды, не өзгелерге тартқызбайды», - деп, баяғы «шөп күзететін ит» туралы мысалды еске бір түсірген.

«Мен кейбір құрылымдарға, оның ішінде телекомға қатысты өз ойыңды ашық айта алатын кезеңнің келгеніне өте қуаныштымын», деп бастап, жұрттың бәрі теріс айнала бастаған Назарбаевқа топырақ шашып, бас прокуратурада комитет басқарып жүрген жерінен алдымен қасына кеңесші қылып шақырып, 6 ай ішінде министр етіп шығарған, қазір күні туып тұрған президент Тоқаевқа алғыс айтып алды да, ары қарай былай көсілді:

«Мың адам тұратын ауылда бизнесмен бағаналар арқылы әр үйге желі тартып беріп,  ақша таба алады. Бірақ, шағын операторлар бұл қызметті жеткізу үшін «Қазақтелеком» немесе «Транстелеком» жүйесіне қосылу керек деген проблемаға тап болады. Монополистер жағдайды пайдаланып, кіші операторға 50/50 принципі бойынша жұмыс істеуді ұсынады. Яғни, бизнесмен желіні өз күшімен тартуы керек және халықпен жұмыс істеу керек. Сосын 50% табысын монопоистке беруге тиіс», - деген.

Әрине, бұл мәселенің Мусинге жаңалық болмағанын өзі де сөз басында мойындады. Бірақ, үлкен жаңалық сияқты қылып, өзіне біраз PR жасады. Біраз БАҚ «Мусин монополистермен күресті бастады» деген мәнде ақпарат таратып, жас, талдырмаш министрді қаһарманға айналдырып жатты.

Бір қызығы, Мусин президенттің бұл иеяны (айыппұлды он есе өсіру) қолдағанын алғаш айтқан кездің өзінде оның бар мәселені шешіп тастайтынына сенбеген сияқты. Өйткені, «бұрын интернетті жақсартуға шығынданғаннан гөрі жылына бір мәрте айыппұл төлеп қойып жүре беретін монополистерге айыппұлды он есе өсірсек, мүмкін интернетті жақсартуға итермелейтін шығар», деді. Министр, «кейбір құрылымдар туралы ашық айтатын кезеңде өмір сүріп отырған» шенеунік, президенттің тікелей тапсырмасымен жұмыс істеп отырған билік өкілі монополистер туралы әлі де сенімсіз сөйлейді.

Министр алдымен проблеманы көруі керек, сосын, оны шешуі керек қой. Мусин проблеманың қайдан, қалай келіп отырғанын біледі, бірақ, оны шешуге келгенде кібіртіктеп әлі жүр. Біресе, монопоистерге сілтейді, біресе мемаппараттағы өзге министрлердің бұрынғы әдеттен арыла алмайтынына сілтейді, ауылдарда атам заманнан бері тұрған бағаналардан үміт күтеді, қанша еселеп өссе де монополистердің сирағынан келмейтін айыппұлға сенім артады, қысқасы, Мусиннің ведомствосы Жаңа Қазақстанға әлі өте алмай жатыр. Қаңтардан бері не жөнделген интернет жоқ, не таяқ жеген монополистер жоқ, кішкентай ауылдардағы совет заманынан қалған ескі бағаналар қаңсып әлі тұр. Оны жақын арада сүйкімді желілермен «көмкеретін» министр әзірге Тоқаев сыйлаған «ашық айтуға болатын» кең заманның алғашқы ләззатын тауыса алмай жатқан сияқты.

Министріміз "Ресей интернеті бұғатталса Қытай бар, уайымдамаңдар!" - деп арқаны  кеңге салып, біз "осы бергеніңе шүкір", деп, шатырдың үстінен, таудың басынан интернет аулап жүре тұрамыз, бастысы ашық айта алатын кезеңде өмір сүріп отырмыз, сол жетеді...

Байланысты жаналықтар

Тоқаев бірнеше елдің президентімен кездесті

12.11.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі

12.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

12.11.2024

Тоқаев Бакуге жұмыс сапарымен барды

11.11.2024

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

11.11.2024

Кривой Рогқа шабуыл жасалды

11.11.2024
MalimBlocks
Тоқаев бірнеше елдің президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде биік мақсат қойғанын еске салды

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді

Тоқаев Бакуге жұмыс сапарымен барды

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті

Кривой Рогқа шабуыл жасалды

11 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр