Олжас Бектенов: Жолдау – қазіргі заманның талаптары мен сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды құжат

Салалардағы мұндай өзгерістер қазірдің өзінде тау-кен секторының үлесін азайтып, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді

Malim Админ

  • 03.09.2024

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.


Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы – әрбір жолы қазіргі заманның шынайы талаптары мен сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды әрі дер кезінде жарияланған құжат екенін атап өтті.

«Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мақсатқа экономиканың құрылымын өзгерту арқылы қол жеткізе аламыз. Салалардағы мұндай өзгерістер қазірдің өзінде тау-кен секторының үлесін азайтып, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ біз жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға басымдық беретін боламыз. Бұл саланың әлеуеті үлкен. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер барынша көңіл бөлуі тиіс проблемаларды нақты белгілеп берді. Барлық мемлекеттік органдар Президент айтқан тапсырмаларды жан-жақты пысықтап, қойылған міндеттерді шешудің нақты жолдарын айқындауы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы бюджет қаражатын оңтайлы жұмсаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бағытында жұмысты едәуір күшейту қажет. Сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жүзеге асыру кезінде қатаң бақылау жалғастырылатын болады.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

19.11.2024

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасын талқылады

18.11.2024

Олжас Бектенов «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

14.11.2024

Олжас Бектенов сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

13.11.2024

«UTC +7»-ге өтсек, таң 10-да атар еді». Депутат уақыт белдеу дауына нүкте қойды

09.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасын талқылады

Жоба Алматы облысында 1500 га аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған

Олжас Бектенов «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

Олжас Бектенов «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

Олжас Бектенов сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Еліміздің металлургия зауыттарында висмут, сүрме, селен және теллурид өндіріледі

«UTC +7»-ге өтсек, таң 10-да атар еді». Депутат уақыт белдеу дауына нүкте қойды

Оның сөзінше, Қазақстанның нағыз уақыт белдеуі «UTC +5»