Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды

Жолдау аясында Үкімет Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асырып жатыр

Malim Админ

  • 02.09.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялап жатыр. Бұл жолғы Жолдау Парламент палаталарының жаңа бірлескен залында өтуде.


Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысуда.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму келешегімен байланысты мәселелер қамтылатыны айтылған болатын.

Республикалық телеарналар Жолдауды тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Еске салайық, Президент былтырғы Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыппен жариялаған болатын. Сол құжатты іске асыру аясында бірнеше министрліктің құрамы қайта жасақталып, Су және ирригация, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Экология және табиғи ресурстары министрліктері құрылды. Аталмыш Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі жасақталды.

Жолдау аясында Үкімет Орта дәлізді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асырып жатыр. Бұл дәліз арқылы келешекте жылына 10 млн тоннаға дейін жүк тасымалданады деген болжам бар.

Қ.Тоқаев бұл жолдауында жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігіне тоқталды.

"Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет",-деді Мемлекет басшысы. 

Президент инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеудің маңызына да тоқталды. Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты.

Сондай-ақ, Жолауда бюджет қаражатын оңды-солды шашуды доғару қажеттігін айтты. «Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Aqorda.kz 

Байланысты жаналықтар

12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

28.10.2024

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

10.10.2024

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

02.10.2024

Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

24.09.2024

Алматы облысында 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

14.09.2024

ШҚО-да 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

07.09.2024
MalimBlocks
12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

4 келісімге қол қойылды

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасы өңірде заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылды

Алматы облысында 3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Ол ұзақ уақыт пайдаланылмаған

ШҚО-да 160 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады