12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

4 келісімге қол қойылды

Malim Админ

  • 28.10.2024

Активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 


Биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен еді. 

Жүйелі жұмыс нәтижесінде құны 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар іске асырылмақшы.  

Солардың бірі — Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.

«Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі», - делінген хабарламада. 

Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынбақшы. 

Прокуратураның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.  

Фото: gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

05.05.2025

Бүгін теңге тағы арзандады

30.04.2025
MalimBlocks
Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

Бүгін теңге тағы арзандады