Президент Қорғаныс министрін қабылдады

Руслан Жақсылықов биыл атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді

Malim Админ

  • 25.11.2024

Қорғаныс министрі: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады;

армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты;

мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Фото: Ақорда
 

Байланысты жаналықтар

Жап-жас әйелі мен кішкентай балалары бар: қорғаныс министрі отбасын көрсетті

20.08.2024

Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Алматыға келді

30.05.2024

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

19.01.2022
MalimBlocks
Жап-жас әйелі мен кішкентай балалары бар: қорғаныс министрі отбасын көрсетті

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына 2022 жылы тағайындалған.

Ресейдің жаңа Қорғаныс министрі Алматыға келді

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Андрей Белоусовты Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды