Президент үндеуі: Қазақ шекарасына 100 жыл

Олжас Қасым

  • 30.05.2020

Жиырмасыншы ғасыр басындағы саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуінде мәлімдеді.

«Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар. Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты. Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым», - деді мемлекет басшысы өз үндеуінде.

Алаштанушы ғалым Айгүл СМАҚОВА президент шешімін қолдайтынын айтады. Өйткені, ақтаңдақ жылдарға қатысты атқарар шаруа жетерлік.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдауымыз керек. Әлихан, Ахмет, Әлімқан бастаған Алаш арыстары – еш соғыссыз қазақтың шекарасын бекітіп берген 20-ғасырдағы саяси элитаның ірі өкілдері. Қазақ тарихында бұндай оқиға болған емес. Қазақ хандары шекараны қорғап, белгілеу үшін қаншама қиян-кескі соғыс өткізді. Тоталитарлық жүйе билік құрғанда ұлттық шекараны сыздыру әлемдік тарихта болмаған саяси шешім. Бүгінгі тәуелсіздік кезде бұны екінің бірі білмейді. Биыл 20 тамызда бұл тарихи оқиғаға 100 жыл толады. Енді мемлекеттік тұрғыдан баға берілуі керек! Әлихан, Ахмет, Әлімқан бастаған тұлғалар – екі жүйенің де құрбандары. Патшалық Ресей, содан кейін совет билігі қудалады. Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен аштық құрбандарын да арасын ажыратып айтқан дұрыс.Осы мәселелерді комиссияның алдына қою керек. Бұл комиссияның құрамына Мәмбет Қойгелді, Талас Омарбеков сынды осы тақырыпты терең білетін тарихшылар кіру керек», - деді Айгүл Смақова МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Алғаш рет «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң 1993 жылы қабылданған. 1997 жылы президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.

«Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси-қуғын сүргінге ұшырағандарды ақтау туралы маңызды үндеуін халыққа жолдады. Бұл қазақ халқының 20-30-жылдары советтік режимнен көрген қысастығы мен қорлығын әлемге біржола жайып, жазсықсыз жапа шеккен ұлттың асыл ұлдарын төрге шығару. Мемлекеттік сананы нығайтып, тарих безбенін бағамдайтын уақыт жетті. Әлі қаншама есімі елеусіз қалған, ұрпақ жадына жазылмай жатқан тұлғаларымыз бар. Президенттің осы үндеуі солардың бәрін жарыққа шығаруға жетелейді. Біздің халықтың жиырмасыншы ғасыр басындағы трагедиясы – ұмытылмайтын, ұмытуға болмайтын трагедия. Өткенді мизандап, тарихи пайым жасаған сайын, ұлттың тарихи санасы дұрыс қалыптасады. Президенттің бүгінгі үндеуі осы тарихи санаға тікелей қатысты», - дейді жазушы Смағұл ЕЛУБАЙ.

Фото: qazaquni.kz

Байланысты жаналықтар

«Не тамағың бар?!» деп маған жармаса бастады»: Аштық туралы әңгіме

31.05.2024

Президент саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алуға шақырды

31.05.2024

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2024

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

23.11.2023

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі нәтижелі 

22.06.2023

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

31.05.2023
MalimBlocks
«Не тамағың бар?!» деп маған жармаса бастады»: Аштық туралы әңгіме

1931-32 жылдардағы аштықтың тигiзген зардабы жетерлiк…

Президент саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алуға шақырды

Өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек.

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 миллионнан астам адам қаза тапты.

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

5 миллион қазақтың мүддесін, 250 миллион советтіктердің мүддесінен  жоғары қойған

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі нәтижелі 

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

Билік 4 миллионнан астам құрбан мен 25 мың атылған боздақтарды мансұқ етті