«Тамақ ішіп жатыр». Мұхамедиұлының аштық жариялағаны өтірік болып шықты

Еске салсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр да ақпан айында аштық жариялайтынын айтқан болатын.

Сабина Асқарқызы

  • 11.02.2025

Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде отырып аштық жариялайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы оның Facebook парақшасында жарияланған жазбада айтылған.

Мен аштық жариялаймын. Өйткені өзімді әу бастан-ақ кінәсіз деп санадым! – делінген экс-министрдің атынан жазылған мәлімдемеде. 

Еске салсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр да ақпан айында аштық жариялайтынын айтқан болатын.

Егер менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын! – деген болатын Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Алайда Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ол қалыпты жағдайда тамақ ішіп жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да болған жоқ. Сондай-ақ, белгіленген тәртіппен сотталғанның қолында ұялы телефоны жоқ» - дейді комитет.

Ал оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жарияланым бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алу және «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесін ұйымдастыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылған. Алайда ол сот процесінде заң бұзушылықтар болғанын айтып, өзінің ісін қайта қарауды талап етіп, президент әкімшілігіне хат жолдаған.

Фото: Halyq Uni

Байланысты жаналықтар

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

25.03.2025

Францияда ұсталған Павел Дуров Дубайға оралды

17.03.2025

Шерзат Болат ісі: изоляторда туған күн тойлағандарға қатысты шешім қабыланды

16.03.2025

Салық төлемеген атақты блогер 5 жылға сотталды

04.03.2025
MalimBlocks
Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

47 жыл өлім жазасын күткен ер адам қомақты өтемақы алатын болды

Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады

Францияда ұсталған Павел Дуров Дубайға оралды

Шерзат Болат ісі: изоляторда туған күн тойлағандарға қатысты шешім қабыланды

Салық төлемеген атақты блогер 5 жылға сотталды

Бұдан бөлек, Елена Блиновскаяға 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынды