Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

«Ол, менің ойымша, ерлерге тән батылдық көрсетті, – деді Путин Сочидегі «Валдый» клубының отырысында. – Осы сәтті пайдаланып, оны АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтағым келеді».

Аялдар Күнтуған

  • 08.11.2024

Ресей президенті Владимир Путин Америкамен диалогқа дайын екенін мәлімдеп, Трампты жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ол бейсенбі күні айтқан.

«Америка дауысы» таратқан мәліметке қарағанда, Путин Дональд Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Пансильванияда өміріне қауіп төнген кездегі батылдығына сүйінгенін жеткізген. Сондай-ақ, республикашылдар атынан сайлауда жеңген Америка президентімен кез келген диалогқа әзір екенін мәлімдеген.

«Ол, менің ойымша, ерлерге тән батылдық көрсетті, – деді Путин Сочидегі «Валдый» клубының отырысында. – Осы сәтті пайдаланып, оны АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтағым келеді».

Путин Трамптың сайлау науқаны кезінде Украина және Ресей қарым-қатынасын қалпына келтіру туралы айтқан сөздері назар аударуға тұрарлық екенін атап өткен.

«Осы уақытқа дейін көпшілік алдында айтқан Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіру, Украина дағдарысын тоқтатуға көмектесу ниеті, менің ойымша, назар аударуға лайық сияқты», – деді Путин.

Трамп сайлау науқаны кезінде президент болып сайланса Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде тоқтатып, бейбітшілік орната аламын деп мәлімдеген, бірақ Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі әскери қақтығысты қалай аяқтайтынын егжей-тегжейлі айтпады.

«Трамп кездесуге қолқа салса, не істер едіңіз?» деген сұраққа Путин олар қаласа екі ел арасындағы байланысты қайта қалпына келтіруге әзір екенін айтты. Сондай-ақ, мұндай қадамға бару мүмкіндігі Вашингтонда екенін айтуды да ұмытпады. Ол сөз арасында Қытайды Ресейдің «одақтасы» деп атап өтті.

Батыс ақпарат құралдары Трампты Ресейге бүйрегі бұратын саясаткер деп санайды. Трамп мұндай қауесеттерді жоққа шығарып келеді. 2017-2021 жылдар аралығында Трамп әкімшілігі Ресейге қатаң көзқарас ұстанды. 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде Ресей мен Трамп арасында жасырын келісімдер болғаны жайлы ақпарат тарағанымен, 2019 жылы Американың арнайы прокуроры Роберт Мюллер ешқандай дәлел таппағанын мәлімдеді. Биыл өткен сайлау кезінде де сайлау учаскелеріне бомба қойылғаны туралы бірнеше хат келген. Зерттеушілер ондай қоқан-лоқы хаттар ресейлік домендерден жіберілгенін айтады. Ресейдің мақсаты – Америка тыныштығын бұзу дейді сарапшылар. Бірақ сайлау кезінде ол ойлары іске аспаған.

Фото: РИА новости

Байланысты жаналықтар

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

13.11.2024

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

11.11.2024

Песков: Бұл – таза фантастика

11.11.2024

Сырскийдің тарихта қалар қос ерлігі…

07.09.2024

Трамп Ақ үйден кетті

20.01.2021

Трампты Ақ үйден қуып шықпақ

12.01.2021
MalimBlocks
Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

Бұл соңғы 73 күнде болмаған ең ірі шабуыл.

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті

Песков: Бұл – таза фантастика

Песков Трамп пен Путиннің сөйлескенін жоққа шығарды.

Сырскийдің тарихта қалар қос ерлігі…

Екі жыл бұрын, 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Украина Харьковті азат ету операциясын бастап жіберді.

Трамп Ақ үйден кетті

Трампты Ақ үйден қуып шықпақ