Қайрат Сатыбалдыға тағы бір айып тағылды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, Қайрат Сатыбалдыға қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деген айып (ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы) тағылған.
Сот отырысы 1 сәуір сағат 10:00-де басталады.
Еске салсақ, 2022 жылы Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталған еді.
«Қазақтелеком» және «Көліктік сервис орталығы» компанияларының қаражатын жымқырды деген айыппен бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатыр.
Қайрат Сатыбалды 2022 жылдан бері құны 732,8 млрд теңге болатын заңсыз активтерді мемлекетке қайтарған.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды