Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ғылымға қатысы жоқ адамдардан арылуымыз қажет"

Malim Админ

  • 16.11.2022

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапарында ғылымдағы өзекті мәселелерді көтерді.  Расында да, отандық  ғылым-білімге серпін беретін кез әлдеқашан жеткен-ді. 

Президент отандық ғылымды дамыту мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Ол жұртшылықпен кездесуінде арналы  саланың еліміз үшін мән-маңызына тоқталды. «Ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Өкінішке қарай, бізде ғылымды басқару ісі жолға қойылмаған. Мен бұл туралы Ұлттық академияның 75 жылдығына арналған жиында айттым. Бүгінде отандық ғылымда жас ғалымдардың саны көп емес. Дамуға серпін беретін әлеуетті ғылыми институттар да өте аз. Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек. Сондықтан, ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті» деді мемлекет басшысы.

   Президент қазіргі кезде  ғылыми атағы бар, бірақ ілім-білімге   қатыссыз   адамдардың  көбейіп кеткенін мәселе ретінде көтерді. «Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек. Отандық ғалымдар құрамын жаңарту қажет. Бұл – уақыт талабы. Нағыз ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардан арылуымыз қажет. Олардан ешқандай пайда жоқ, ғылымға кері әсері тиеді. Сондықтан, Ғылым академиясына ғылымға жаны ашитын, ғылыми әлеуеті зор азаматтарды ғана көптеп тарту қажет», - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жолы Ұлттық ғылым академиясының  мәртебесін көтеру қажеттігін айтқан.  Ғылымның ордасы – ұлттық академия болғандықтан,  оны  жаңа биікке шығаратын уақыт жетті деген болатын. Сайып келгенде, академиктердің өзі академияның болашағына күмәнмен қарайтыны белгілі. Сондықтан Президент: «Қарашаңырақты жаңғыртып, мәртебесін көтеру керек», - деген еді.

 «Бұл құрылым ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қарашаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз және бюджет есебінен қаржыландырамыз» дегені есте.    

Алдағы уақытта ғылыми басымдықтарды ғылым  академиясы айқындайды. Арнаулы гранттар, стипендиялар және сыйлықтар тағайындау құзыреті де осы ғылыми орданың иелігіне  беріледі.  

Сонымен қатар жиында Президент ғылым мен өндірісті ұштастыру мәселесіне ерекше тоқталды.

«Біз ғылым мен өндірісті ұштастыру туралы жиі айтамыз. Бірақ ондай байланыс әлі де орныққан жоқ. Ащы болса да, мұны мойындауымыз керек. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми инновациялар, жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімді етуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды. Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама – Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру жөнінде шешім қабылдадым. Оған еңбектері жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада өте беделді ғалымдарымыз мүше болады. Бұл құрылым ғылым мен технология саласындағы саясаттың басымдықтарын айқындайды. Президент Әкімшілігі, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі тиісті жұмысты ұйымдастыруы қажет. Бұл мәселе менің жіті назарымда»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін отандық ғылымды дамыту жайын академиктер Асқар Жұмаділдаев, Асқарбек Құсайыновтар талай мәрте жетер жеріне жеткізіп айтқан еді. Алмағайып заманда халқымыз прагматикалық көзбен қарауы тиіс деген. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі сөзінде  «Мен академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісемін» деді.   

«Бос әңгімелерді тоқтату қажет. Мысалы, Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауымның кейбірі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар.  Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет. Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатыр. Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті, еңбекқор адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, туыстармен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген» деген пайымын білдірді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды дамыту туралы бастамаларын жас ғалымдар құптайды. Мемлекет тарихы Институтының ғылыми қызметкері Нұржан Қоңырбаев мемлекет басшысының   Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы стратегиялық маңызды шешімін оң бағалап отыр. «Бұл мемлекеттің нақты ғылым мен білімге бет бұрғанының белгісі. Ғылым мемлекеттің ең негізгі қозғаушы – локомотиві.  Мемлекет дамуы үшін ең алдымен елдің ғылымы дамуы керек. Ғылым дамымай мемлекет дамымайды. Президент осы жылы Білім және Ғылым министірлігін екіге бөлім, ғылымды дамытуды қолға алды. Бұл жақсы үрдіс. Мен өзім PhD докторантураны бітіріп, қорғадым. Енді постдокторантураға өтініш бердім. Постдокторантура дегеніміз – жас ғалымдарды граннтық негізде ғылымға тарту. Әлемде елдің ішкі жалпы өнімін (ІЖӨ) ғылымға бөлген қаражатымен есептейді. Қазақстан дамушы ел, сондықтан ғылымға енді шындап көңіл бөле бастады. Елде талапты жастар жетерлік, билік ғылымның дамуына шындап көңіл бөлсе, қағазбастылықтан құтылсақ, жазатын тақырыптар мен ашар жаңалықтар көп» дейді ол. 

Сулейман Демирель университеті Ғылым департаментінің директоры Қанат Оразалиев Ұлттық кеңес мүшелігіне лайықты ғалымдар және жастар кірсе деген пікірде. Ол ұлттық кеңес аясында ғылымның тұрақтылық принципінде жұмыс істейтін жүйе құрылса деген ниетін білдірді.

«Әл-Фараби бабамыздың сөзі «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» әрқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгін Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзінен кейін Қазақстанның ғылымның дамуына үлкен жоспар құрылғанын айқындатты. Әрине, қазақ ғылымының сан ғасырлық тарихы бар. Ендігі Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру жөнінде шешім қабылдады. Оған еңбектері жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада өте беделді ғалымдарымыз мүше болады. Сол мүшелікке лайықты ғалымдар және жастар кірсе деген үміттеміз. Наукометрияны жақсы білетін, ғылымның тұрақтылық принципінде жұмыс істейтін жүйені құрса деген ниеттеміз. Ал елдің ғылыми әлеуетін дамыту көптеген түрлі компоненттерден тұрады, соның ішінде адами капиталды дайындауды, біліктілікті арттыру, қаржыландыру және шетелдік тағылымдама арқылы ынтымақтастықты күшейту.

Еліміздің ғылымы дамып, зерттеу институттарымыз жұмысын күшейтіп, журналдарымыз шетелдік мәліметтер базасына кірсе деген ниеттеміз», – деді Қанат Оразалиев.

Сын-қатерлер заманында елді оқыған, зиялы азаматтар құтқаратыны белгілі. Ол үшін Президент  айтқандай, отандық ғылымның көкжиегін кеңейту керек. Осы бағытта іргілі жұмыстар атқарыла бастағаны қуантады. 

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.