Қазақстан әскері Пәкістанда жаттығу жасап жатыр

  • 26.08.2021

«Қазақстан әскери оқу-жаттығу өткізді» деген сөзді жиі естиміз. Және тәубе дейсің. Өйткені, бұл әскери оқу-жаттығу – бейбітшіліктің символы іспетті. Ядролық қарудан бас тартып, атом бомбасынсыз әлем болайық деген бастамаға бастамашы болып жүрген Қазақстанның ұстанған жолы біреу-ақ, ол бейбітшілік. Десе де, сен бейбіт отырғанмен, ұлан-асыр ел ұлан-ғайыр жерге көз салмай отыра алмауы мүмкін ғоцй. Демек, осынша жерді бабалар найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, бізге жеткізсе, оны одан арғы ұрпаққа жеткеру бүгінгі біздің міндетіміз саналады. Демек, сыртқы жұртқа сес болатындай, іштегі елге ес болатындай жеткілікті дайындықтан өткен әскер мен қару-жарағыңның заманға сай болуы ешқашан маңызын жоймайтын, ешқашан күн тәртібінен түспейтін үлкен мәселе.

Иә, Қазақстанның әскері тағы бір оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Әскерің заманға сай болуы үшін өз ішіңдегі жаттығу аздық етеді, сырттағы елдің тактикасын танып, қай деңгейде екенін біле жүрген де артық емес.  Артық емес дейміз-ау, өте маңызды мәселе. Бұл былайша айтқанда, спорттық жарыс сияқты нәрсе. Спортшы жаттығу залынан шықпай, жаттыға берсе, өзінің қай деңгейде тұрғанын біле алмайды ғой. Өзінің дайндығын, деңгейін тексеру үшін ол сайысқа шығу керек. Тек өз елінде ғана емес, халықаралық деңгейде бағын сынап көруге тиіс. Осының арқасында жеке  тұлға ғана емес, спорт та дамиды. Отандық спорт. Ал, әскерилердің өзге бір елдің әскерімен қосылып өткізген оқу-жаттығу шаралары отан қорғаушы сарбаздарымыздың шеберлігін арттырып, тәжірибесін жетілдіре түседі.

Дәл осы күндері қазақстандық әскери қызметшілер Пәкістанмен бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға қатысып жатыр. «DOSTARYM-2021» деп аталатын бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы Пабби қаласындағы Ұлттық терроризмге қарсы орталық пен мергендер мектебінде өтуде. Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында өтіп жатқан оқу-жаттығуға Қазақстан тарапынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жұмылдырылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері елді мекендердегі заңсыз қарулы құралымдарға қарсы іс-қимыл мәселелерін пысықтауда. Оның ішінде заңсыз қаруланған шартты құралымды анықтау, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-қимылдар, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының бастығы подполковник Динар Құрбанбаев.

Қазіргі уақытта елді ішінен бүлінуге әкеп соғатын қауіпті бір үдеріс – террористік топтардың астыртын әрекеті десек, оларға қарсы күрес жүргізудің тәсілдерін жетілдірмей болмайды. Алда-жалда қиын жағдай туып, террористік қауіп төне қалса, ең алдымен солармен аңдысатын қарулы күштер, оның ішінде саптағы сарбаздар екені дау туғызбайды. Демек, осы мақсатта арнайы жасақтың жаттығуы тоқтауға тиіс емес. Қазір Қазақстан мен Пәкістан арнайы жасақтары әскери контингенттер үйлесімділік пен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтап, бірлескен арнайы операцияны жүргізуге дайындалып жатыр. Бұл кезеңді еңсерген соң, келесі кезеңде тікелей барлау-жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуге кіріседі.

Жауапты ведомствоның хабарлауынша бұл тактикалық оқу-жаттығу шарасына екі елден 50-ден 50-ден астам әскери қызметші мен 20-ға жуық әскери және арнайы техника қатысып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, бұл екі ел арасындағы алғашқы жаттығу емес. Бұл бірлескен жайындыққа Қазақстан тарапы мұрындық болғанын да ескерте кеткен жөн. Бұған дейін 2019 жылы бірлескен оқу-жаттығу Қазақстан аумағында өткен. Одан кейін пандемия жағдайына байланысты шекара жабылып, бұл оқу-жаттығу араға екі жыл салып барып өтіп отыр.

Байланысты жаналықтар

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

22.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2024

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

21.10.2024

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

18.10.2024

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024
MalimBlocks
Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр