Қазақстан Еуропа одағының негізгі серіктесі

Еуропарламент Орталық Азия елдерінің дамуын мұқият қадағалайды

  • 22.08.2022

 

Әлемдік ықпалды ұйымдарға мүше болу қандай мемлекет үшін болса да өте маңызды жетістік. Мәселен, әлемдік ЕО – Еуропалық одақ. Бұл одаққа мүше елдер ең алдымен өзара ынтымақтастық, экономикалық, саяси байланыстар арқылы өз елінің қауіпсіздігі мен әлеуетін қорғайды. Қандай одақ, қандай әлемдік ұйым болса да, онда қол қойылған құжаттар мұқият сақталуға тиіс. Ал, Еуропарламентте өз өкілі бар елдер қай кезде де өз елінің мүддесін қорғап қана қоймай, әлемдік тарихтың дамына ықпал жасай алады.

Қазақстан Еуропалық одаққа мүше емес. Дегенмен, бұл әлемдік әйдік одақпен қашаннан да тығыз қарым-қатынаста. Қай тарапта да ашық саясат ұстанатын Қазақстан Республикасы бұл ұйыммен, Еуропарламентпен бұған дейін де жиі кездесулер өткізіп, ұстанымын, ұсынысын білдіріп тұратын. Мәселен, осы көктемде ғана, 2022 жылдың сәуір айында Қазақстанға Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі делегация төрағасының орынбасары Андрис Америкс (Латвия) және Сыртқы істер комитетінің мүшесі Франциско Миллан-Мон (Испания) бастаған Еуропалық Парламент депутаттарының тобы арнайы іс-сапармен келіп, біраз мәселе талқыланған. Арада жарты жыл өтпей жатып, Еуропа Одағының делегациясы Қазақстанға тағы келді. Осы жолы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Адам құқықтары жөніндегі Кіші комитет төрағасының орынбасары Кристиан Сагарц (Аустрия) бастаған Еуропалық Парламент (ЕП) делегациясын қабылдап, бірқатар мәселелерді талқылап, екі тараптың бір біріне жеген жылы қарым қатынасына жоғары баға берді.

Қазақстан және Еуропалық одақтың негізгі институттары арасындағы саяси диалогтың ағымдағы деңгейі мен даму перспективаларына қатысты пікір алмасудан басталған кездесуге Еуропалық Парламенттегі ҚР-ЕО Достық тобының төрағасы – Петиция комитеті төрағасының орынбасары, Польша елінің өкілі Рычард Чарнецкий, Сыртқы істер комитетінің мүшесі, Испания өкілі  Начо Санчез-Амор, Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің мүшесі, италиялық Сильвия Сардоне қатысты. Қонақтардың делегация құрамына Еуропалық Парламенттің төрт фракциясының саяси кеңесшілері, соның ішінде Еуропалық халық партиясы, Социалистер мен демократтардың прогрессивті альянсы, Еуропалық консерваторлар мен реформаторлар, сондай-ақ «Бірегейлік және демократия» тобы кіреді.

Сыртқы істер министрі – ҚР премьер-министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Еуропарламент делегациясына ҚР мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде қауіпсіздік, сауда, көлік, энергетика, мәдениет және құқық үстемдігі салаларындағы ахуал мен перспективалар жайында айта келіп:

«Еуропарламент делегациясының Қазақстанға дер кезінде келуі
ҚР – ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ынтымақтастықтың жаңа перспективалық тауашаларын іздеуге қосымша серпін беруге тиіс»,
– деді.

Биыл Қазақстанның ішіндегі оқиғалар сыртқы саяси серіктестерді де аз елеңдеткен жоқ. Ішкі тұрақтылық жоқ елмен қандай ел болса да қарым-қатынасты байқап-байқап жасайтыны түсінікті. Сол себепті, сыртқы саясаттағы тұрақтылық пен сенімді сақтап қалу өте маңызды. Осы негізде Қазақстандағы атқарылып жатқан шаруалар мұндай ірі ұйымның назарынан тыс қалуы мүмкін емес. Еуропа тарапы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің саяси жүйесін жаңғырту және экономикасын реформалау бойынша бастап жатқан бастамаларына тоқталды. Мысалы, жалпыхалықтық референдум арқылы өткен Қазақстан Республикасы Конституциясына түзетулер енгізу және Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамалары сөз болды. К.Сагарц Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы, оның ішінде Еуропалық Парламент пен Қазақстан Республкиасы Парламентінің депутаттары арасындағы саяси диалогтың жолға қойылғанын айта келіп, қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

«Еуропалық Парламент Қазақстан Еуропалық Одақтың негізгі серіктесі болып табылады. Біздің парламент Орталық Азия елдерінің дамуын мұқият қадағалайды», - деді.

Бұл кездесу бір ғана отырыспен бітпейтіні түсінікті, Еуропарламент мүшелері Сыртқы істер министрлігінен бөлек Еуропалық Парламент депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің, Бас прокуратурасының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Әділет министрлігінің, Энергетика министрлігінің,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілдерімен кездеседі. Және бір айта кетерлігі, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен кездесулері де өтіп жатыр. Еуропа Одағының баса мән беретін бағыты – адам құқығының қорғалуы екенін ескерсек, бұл кездесулердің Жаңа Қазақстанды демократияландыруға қосар үлесі аз болмайды деп сенеміз.

Байланысты жаналықтар

Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді

13.12.2024

Тоқаев ауылдық мектепке автобус сыйға тартты

12.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды

12.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасымен кездесті

12.12.2024

Зеленский: Ресей 50 діни қызметкерді өлтіріп, 700 шіркеуді жойды

12.12.2024

Президент Жарлығымен Жапонияға жаңа елші тағайындалды

12.12.2024
MalimBlocks
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді

Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылуда.

Тоқаев ауылдық мектепке автобус сыйға тартты

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасымен кездесті

Зеленский: Ресей 50 діни қызметкерді өлтіріп, 700 шіркеуді жойды

Президент Жарлығымен Жапонияға жаңа елші тағайындалды