457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен Словакия жаһандық текетірестерді бейбіт жолмен шешуді ұсынады

Қазақстан мен Словакия әлемдегі текетірестер мен сауда соғысын бейбіт жолмен шешу керек деп санайды. Бұл туралы Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Біздің қарым-қатынасымыздың тарихы терең. Қазақ жауынгерлері екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Словакияны азат етуге белсене атсалысты. Осыған орай Роберт Фицо мырза бүгін Отан қорғаушылар монументіне барып, батырлардың рухына тағзым етті. Осылайша адамзат үшін қиын кезеңде бастау алған қазақ-словак достығы бүгінге дейін жалғасып, нығайып келеді, - деді Президент. 

Мемлекет басшысы келіссөз барысында халықаралық және аймақтық мәселерге де назар аударылғанын айтты. 

Әлемдегі геосаяси ахуал, жаһандық текетірестер мен сауда соғысы бәрімізді алаңдатып отыр. Екі тарап та бұл түйткілдер бейбіт жолмен шешілуі керек деп санайды. Елдеріміздің халықаралық ұйымдар аясындағы байланысы нығайып келеді. Атап айтқанда, достығымыз БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты құрылымдар аясында дамып жатыр. Көптеген жаһандық үрдістер мен сын-қатерлерге қатысты ұстанымдарымыз ұқсас. Біз көпжақты дипломатиялық байланыстарды тереңдетуге ерекше мән береміз. Бүгінгі келіссөз қарым-қатынасымыздың өзара тиімді сипатын тағы да нақтылай түсті. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-словак ықпалдастығы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда