Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтты.
Келіссөздер жүргізіп жатқан бірнеше бағытымыз бар. Бұл бағыттар бойынша әзірге нақты келісімдер жоқ. Бір жағынан Иорданияның көлік-логистикалық әлеуетін мұқият зерттеп жатырмыз. Екінші жағынан егер бұл коммерциялық тұрғыдан тиімді болатындай жолаушылар ағыны қалыптасатын болса, онда келесі жылдың бірінші жартысында Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесін қарастырамыз, — деді Нұрлан Жақыпов.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алғанын жазған едік.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан күтіп алды.
Фото: pixabay.com

Ең көп оқылған
