Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Malim Админ

  • 08.01.2021

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Мақат аудандық филиалының сайлауалды штабының басшысы, мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов сайлау үгіт-насихатына қорытынды жасады.

Жалпы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында барлығы 187 іс-шара ұйымдастырылды. Оның 80-і онлайн, қалғаны карантин жағдайына байланысты офлайн өткізілді.

Сондай-ақ, штаб жанынан қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасап, азаматтарды кез-келген сұрақтар бойынша жүгінуіне мүмкіндік жасалған болатын. Аталмыш қабылдау бөлмесінде 25 қабылдау өткізіліп, тұрғындардың талап -тілегі ескерілді. Сондай-ақ, облыс көлемінде 16 және республика көлемінде 23 шара ұйымдастырылды.

«Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалар бойынша жұмыстар қамтылды. Бір сөзбен айтқанда, бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады. Барлық саладағы жетістіктерімізді әр қазақстандықпен бірге көргіміз келеді»,-дейді Қ.Исмағұлов.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Байланысты жаналықтар

Nur Otan: Әр азаматқа лайықты өмір

04.01.2021

Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды

28.12.2020

Nur Otan партиясы жастармен бірге

26.12.2020
MalimBlocks
Nur Otan: Әр азаматқа лайықты өмір

Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды

Nur Otan партиясы жастармен бірге