Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Мақат аудандық сайлауалды штабының құрамы доссорлық іскер әйелдер және көпбалалы аналармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, аудандағы мәселелерді шешу жолдарын, осы мақсаттағы жеті басым бағытты талқылады. Іскер әйелдер қауымының атынан сөз алған ардагер ұстаз Роза Үмбетова партияға өз ұсынысын ала келіпті.
«Қазір отбасы құндылықтарын дәріптеу жағы жетпей тұрғандай. Себебі тастанды балаларымыз көбейіп бара жатыр. Қазақта ондай әдет болмап еді. Ендігі жерде әрбір мектептің психологтары бар, сынып жетекешілері бар, ұйымдасып «отбасы құндылықтары» деген бір мектеп ашса деймін. 6-7 сыныптан бастап отбасы құндылықтары деген ұлттық тәрбиемізді еңгізе беруміз қажет. Алдағы сайлауда аудан тұрғындарын бірлікпен, науқанға белсенді қатысуға шақырамын»,- деді Р.Үмбетова.
Әлеуметтік, саяси, экономика, қоғам, мәдениет, ұлт тәрбиесіне дейін талқы болған бұл кездесуде іскер әйелдер мен көп балалы аналар «Біз біргеміз» ұранымен «Nur Otan» саясатын қолдайтындықтарын білдірді.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді