Nur Otan партиясы жастармен бірге

Malim Админ

  • 26.12.2020

Атырау облысы Мақат аудандық сайлауалды штабының мүшелері ауданның белсенді жастарымен кездесті. Олар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, жастарды қолдаудағы басымдылықтарға тоқталды. Мәселен, ауданда «Жасыл ел» бағдарламасымен жыл сайын 70 жасты көгалдандыру жұмысына тарту, «Бастау бизнес» жобасымен әр жылы жастарға кемінде 5 грант бөлу, «Еңбекті нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасымен жылма жыл 50 жасты жұмысқа орналастыру, «Дипломмен ауылға» арқылы жыл сайын 11 маманды ауданға тарту жұмыстары жүргізілмек. Басқосу барысында партия өкілдері жастармен етене жарқын әңгімелесіп, «Nur Otan» партиясы қашанда жастардың бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Кездесу барысында жастар да өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, орнықты ойларын ортаға салды. Алдағы сайлау жұмыстарына сәттілік тілеген олар елдегі саяси науқаннан тыс қалмайтындықтарын жеткізді.

“Барлық аудан жастарын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Және ауданның барлық тұрғындарын азаматық борышын өтеуге атсалыса деймін”-, дейді белсенді жас Ғалымжан Оңғарбаев.

Жалпы ауданда 14 пен 29 жас аралығында 7 278 жас бар. Бұл аудан халқының 23 пайызы. «Nur Otan» жастарды қолдауда 2025 жылға дейін аудан жастарының жұмыссыздық деңгейін 1,4 пайыздан 1,1 пайызға дейін төмендетпек.

«Nur Otan» партиясының Мақат аудандық сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

Байланысты жаналықтар

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

08.01.2021

Nur Otan: Әр азаматқа лайықты өмір

04.01.2021

Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды

28.12.2020
MalimBlocks
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Nur Otan: Әр азаматқа лайықты өмір

Көп балалы аналар «Nur Otan» партиясын қолдайды