Nur Otan: Әр азаматқа лайықты өмір
Атырау облысы Мақат аудандық «Nur Otan» партиясының филиалында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әсел Шайзадақызы және Асылбек Өтегенұлы белсенді жастарымен ZООМ арқылы онлайн жүйеде кездесу өткізді. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» тақырыбымен өткен кездесуде партияның жетістіктері, қоғамдық қызметтері және сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, кандидаттар партия атқарып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл-аймақ игілігі үшін жасалатын істерді айтып өтті. Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
«Болашақ» бағдарламасымен көптеген жастар шетелде білім алып, елімізге келіп жауапты қызметтерде еңбек етіп жүр. Қазіргі заман жастары өте белсенді, ізденімпаз. Алдағы Парламент мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота берілген. Бұл жастарға мол жауапкершілік жүктейді», - деді Ә.Қаржауова.
Жалпы, Мақат ауданындағы мәселелерді шешу «Nur Otan» партиясының бағдарламасында қарастырылған. Өркениетке ұмтылған ауыл тұрғындарының «Nur Otan» партиясынан әлі де күтер жақсылықтары мол.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді