freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

MALIMet
Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: Canva

"Қазгидромет" Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады. Кей өңірлерде қатты жел, жаңбыр, найзағай мен тұман күтіледі. Сонымен қатар еліміздің бірқатар аймағында өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Астанада батыстан жел соғып, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қалада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматыда да жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының орталығында, батысы мен шығысында төтенше, ал солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Өңір бойынша жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың оңтүстігі, солтүстігі, шығысы мен орталығында, сондай-ақ Көкшетауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз батыс, солтүстік және шығыс аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде жоғары, ал батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл маңында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. 15-17 қыркүйекте өңірде жоғары өрт қаупі сақталып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және орталық аудандарда төтенше деңгейге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында жоғары, ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз шығыс және оңтүстік аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік пен шығыста жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Батыстан соғатын жел 15-20 м/с, ал солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу