freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде 13 жастағы оқушы пышақ жарақатын алды

Қоғам
Семейде 13 жастағы оқушы пышақ жарақатын алды
Фото: ulysmedia.kz

Семей маңындағы Водный кентінде 13 жастағы жасөспірім сыныптасымен болған жанжалдан кейін ауыр жарақат алды. Оқиға 10 қыркүйекте сабақтан тыс уақытта болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, екі жасөспірім де №52 мектептің 9-сыныбында оқиды. Олар бұған дейін бірге күреспен айналысып, дос болған.

Сабақтан кейін балалар жылқы қарауға барған. Сол жерде араларында жанжал туып, жасөспірімдердің бірі пышақ қолданған. Зардап шеккен бала шамамен 15 рет пышақ жарақатын алған. Қан жоғалтқанына қарамастан, ол әпкесінің үйіне дейін жетіп, көмек сұраған.

Екі жасөспірім де ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасады деген баланың денесінен жеңіл кесілген жарақат анықталып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Ал екінші жасөспірімге шұғыл операция жасалды. Дәрігерлер оның іш қуысы, оң жақ бүйрегі мен үлкен шарбысы зақымданғанын, сондай-ақ бірінші дәрежелі геморрагиялық шок болғанын хабарлады. Ота шамамен төрт сағатқа созылған.

Қазір баланың жағдайы тұрақтанған. Ол жансақтау бөлімінен балалар хирургиясы бөліміне ауыстырылды.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, бұған дейін екі оқушы да тәртіп бұзғандар қатарында болмаған. Жанжал мектеп аумағынан тыс жерде болған.

Абай облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Оның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою және олардың заңды өкілдерін бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Түпкілікті процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне сәйкес қабылданады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу