freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда бес күн бойы жарық уақытша өшіріледі

MALIMet
Алматыда бес күн бойы жарық уақытша өшіріледі
Фото: canva

Алматыда 14-18 қыркүйек аралығында бірқатар аудан мен көшеде электр жарығы уақытша өшіріледі. Бұған электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп, деп хабарлайды Malim.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, жөндеу бригадалары күн сайын сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында қаланың бірнеше шағынауданы, көшелері мен жекелеген нысандарында электр қуаты уақытша тоқтатылуы мүмкін.

РЭС-1 аумағында Көкқайнар, Самғау, Байбесік, Түркістан, Айгерім-1 және Шаңырақ-1 шағынаудандары қамтылады. Сондай-ақ Панфилов, Назарбаев, Есенов, Сүйінбай және Уссурийская көшелерінің кей бөліктерінде жарық өшеді.

РЭС-2 бойынша Қазыбек би, Сейфуллин, Абылай хан, Желтоқсан, Құрманғазы, Абай, Жамбыл, Мынбаев, Әуезов, Розыбакиев, Сәтбаев және Брусиловский көшелерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

РЭС-3 аумағында Алғабас, Теректі, Ақжар, Қарағайлы, Таусамалы, Қалқаман-2, Тастыбұлақ және Құрамыс елді мекендерінің тұрғындарына уақытша шектеулер әсер етеді.

РЭС-4 бойынша Томирис, Трудовик, Бұрындай, Боралдай, Қарасу, Черемушки-2 шағынаудандары мен Сүйінбай даңғылы қамтылған.

РЭС-5 аумағында Навои көшесі, Розыбакиев пен Радостовец көшелерінің аралығы, Марков көшесі, Нұр Алатау және Горный Гигант аудандарында жұмыстар өтеді.

РЭС-6 бойынша Достық даңғылы, Көк-Төбе, Уәлиханов, Қонаев, Қабанбай батыр, Зенков, Пушкин, Абай, Бөгенбай батыр, Қалдаяқов, Керей-Жәнібек хандар және Луганский көшелерінде жарық уақытша өшіріледі. Горный Гигант пен Широкая Щель аудандары да тізімге енген.

РЭС-7 аумағында Жетісу-4, Ақбұлақ, 8, 9, 10 және 10А шағынаудандары, Навои көшесі, Әуезов ауданы әкімдігінің ғимараты мен «Алтын Сарай» тұрғын үй кешені қамтылады.

Жоспарлы жұмыстардың уақыты мен мерзімі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін тамыз айында Алматы мен бірнеше өңірде электр энергиясы өшіп, соның салдарынан су, байланыс жүйелері, метро мен бағдаршамдардың жұмысында да ақаулар болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу