Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

Ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады

Сабина Асқарқызы

  • 08.11.2024

Қытайда туған, кейін Қазақстан азаматтығын алған Серікжан Біләш қоғамдағы саяси белсенділігін тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Атажұрт еріктілерінің» мүшесі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтып, мәлімдеме жасады. Ол қазіргі таңда АҚШ-та тұрып жатыр.

«Бүгін өте ауыр болса да, сіздерге жеткізейін деп отырмын. Менің енді саясаттан кетуім мүмкін. Ол шешімнің эмоция мен жалығу мен шаршау, түңілу секілді көңіл-күйге қатысы жоқ. Осындай шешім қабылдадым. Жеріме атомның уын шашам десе, үнсіз көнесің. Желінің өзінде ойыңды ашық айт деесе, айтпайсың. Жеріңе қытайды визасыз кіргізсе, үнсіз көнесің. Ел болып, наразылықтарыңды білдіріңідер десе, үнсіз отырасың. Сен тыныш отырып, өзге біреу сен үшін істеп қоятын сияқты. Мені сыйлаған, қадірлеген айналамдағы халқымның алдында жүзім жарық. Мен енді басымды қатырмаймын деп шешкен ақылды азаматпын. Мен тура сен сияқты ет пен сүйектен жаралған, қатты сөзге жүрегі ауыратын, сүрінсе, жығылса, еті ауыратын, сүйегі ауыратын,  шаршаса, басы ауырып, балтыры сыздайтын пендемін. Сенің нәпсің бар, менің де нәпсім бар. Мен періште емеспін. Қабанбай батыр емеспін, супермен емеспін. Мен жай ғана пендемін», - Серікжан Біләш.

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты