Құлсарының экс-әкімі туралы видео жарияланды

Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны бөгде адамдардың  сұрауы бойынша алуға келгенін айтады

Malim Админ

  • 20.05.2022

Әлеуметтік желілерде Атырау облысы Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаевтың видеосы тарап жатыр.

Видео Telegram-каналдарда жарияланған. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны бөгде адамдардың  сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған басқа адамның сауалдарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады. 

Кейін Шарғабаев өзінің   Facebook  парақшасында 19 мамырда біреулер шабуыл жасағанын айтып, үндеу  жариялады. Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, осылай айтуға  мәжбүрлеген. Шарғабаевтың  денесінен ұрып-соғу белгілері байқалады.   

Аталған жағдай бойынша Malim.kz тілшісі Атырау облысы полиция  департаменті баспасөз қызметіне хабарласты. Полиция департаментінің мәліметінше,   бұл әрекетке қатысты тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.            

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды