Қытайдың қорғаныс министрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Бұл Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тергеліп жатқан қатарынан үшінші қорғаныс министрі.

Аялдар Күнтуған

  • 27.11.2024

Дун Цзюнь 2023 жылдың желтоқсанында Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалған. Financial Times-тың (FT) хабарлауынша, ол Халық азаттық армиясындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу барысында Си Цзиньпиннің «тұзағына түсіп қалған». Қытай әзірге газеттің бұл дерегіне түсініктеме берген жоқ. Бұл жайында www.rbc.ru жазды.

Газет Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Халық азаттық армиясы басшылығына қатысты бірқатар тексеру басталғанын хабарлады, Дун Цзюнь кең ауқымды тексеру кезінде «тұзаққа түскен». FT дереккөздері оған сыбайлас жемқорлық бойынша қандай айып тағылғанын жарияламады. Вашингтондағы Қытай елшілігі түсініктеме беруден бас тартты.

Газет атап өткендей, бұл Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тергеліп жатқан қатарынан үшінші қорғаныс министрі. Осылайша, Дун Цзюнь бар болғаны жеті айдан кейін қызметінен босатылған генерал Ли Шанфуды ауыстырды. Бұған дейін FT Ли Шанфу сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеліп жатқанын да жазған.

АҚШ әскери офицерлері мен шенеуніктері FT-ке берген коммантарийінде Халық азаттық армиясы басшылығына қатысты былық Си Цзиньпиннің өз әскеріне деген сеніміне селкеу түсіретінін әрі  оның «2027 жылға қарай Тайваньды өзіне қосып алу (басып кіру) жоспарына кесе-көлденең бола ма» деген сұрақ тудыратынын айтқан. Қытай басшысы 2027 жылы Тайваньға басып кіріп, өзімізге қосып аламыз деген мақсат қойған. Қытайдың осындай мақсаты барын ЦРУ хабарлаған болатын. Сонымен бірге Қытай басшысы Тайваньмен қайтаруды «тарихи қажеттілік» және «солай болуға тиіс» деп атаған.

2023 жылғы 29 желтоқсандағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің шешімімен Халық азаттық армиясының Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Дун Цзюнь Қытайдың Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

South China Morning Post (SCMP) жазғандай, 2021 жылы Қытай флотының бас қолбасшысы болғанға дейін Дун Қытайдың негізгі әскери-теңіз бөлімшелерінде, Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс теңіз флоттарында қызмет етті.

SCMP Қытайдың қорғаныс министрінің лауазымы басқа елдердегідей өте жоғары лауазым емес екеніне назар аударған, өйткені армияны Төраға Си Цзиньпин қолбасшылық ететін Орталық әскери комиссия басқарады.

MalimBlocks
Қытай реформасының атасы Дэн Сяопин

Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайда экономика тез қарқынмен дами бастады. Д.Сяопин енді елдің шет елдермен қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту мәселесін көтерді. Осы мақсатта арнайы ашық экономикалық аймақтар құрылды.