Ресей 2014 жылы Малайзия ұшағын атып түсірген болатын

Malim Админ

  • 27.12.2024

2014 жылдың 17 шілдесінде Украина уақытымен 16:20-дан 16:25-ке дейін осы бағытта мемлекеттік нөмірі 9M-MRD болатын Boeing 777-200ER ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта болған барлық 298 жолаушы, оның ішінде 80 бала және 15 экипаж мүшесі қайтыс болды. Сынықтар Украинаның шығысындағы Чистякове қаласының маңына құлады,

Ұшақ бортында Нидерландтың - 154, Австралияның - 27, Малайзияның - 23, Индонезияның - 11, Германияның - төрт, Бельгияның - төрт , Филиппиннің - үш, Канаданың бір азаматы болған. Одан өзге де елдердің азаматтары болды. Ұшақ экипажының барлық мүшесі - Малайзия азаматтары.

Ұшақ апатынан соң көптеген елдер Украина мен Ресмей кеңістігін пайдалануды доғарып, қауіпсіздік шараларын қолға алды.

Сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама Malaysia Airlines авиакомпаниясы ұшағының апатын халықаралық сарапшылардың шұғыл әрі толық тексеруі қажет екенін айтты. Барак Обама Украина президенті Петр Порошенко және Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесіп, апатты тексеруге АҚШ-тың көмектесетінін мәлімдеген. Бұл туралы «Азаттық» сайты жазды.

Әлемдік барлау қызметтері ұшақ зениттік зымыранмен атқыланған болуы мүмкін деген болжам жасады. Сол кезде Ресей Украинадағ Укарина Ресейден көрген болатын. Ұшақтың «қара жәшігін» Ресейге жіберген, ал Украина бұған қарсы шығып: «Сепаратистер апат себебін жасыруды көздейді» деп мәлімдеген.

Малайзияның сол шақтағы премьер-министрі Наджиб Тун Раза «егер ұшақтың атып түсірілгені расталса, қылмыскерлерді шұғыл түрде жазалау» керек деді.

Ресей президенті Владимир Путин болса, «Ұшақ апатына жауапкершілік Украинаға артылуы тиіс» деп Украинаға кінә арта сөйлеген болатын.

Халықаралық қауымдастық тергеу өкілеттіктерін Украина Нидерландыға, соның ішінде Нидерланды Қауіпсіздік Кеңесіне (DSB) және Бірлескен тергеу тобына (JIT) тапсырды, олар әуе лайнерін «Бук» анти-әуе кемесінен «жер-әуе» зымыраны атып түсірді деген қорытынды жасады.

Ұшақ Ресей қолдайтын бүлікшілер бақылауындағы аумақтан атылған зымыран жүйесі арқылы апатқа ұшырағаны белгілі болды. JIT тұжырымдарына сәйкес, ұшақты атқан изымыран Ресей Қарулы күштерінің 53-ші Әуе қорғаныс бригадасына тиесілі және апат болған күні Ресейден Украинаға жеткізілген. Ұшақты атып түсіргеннен кейін зымыран Ресей аумағына қайтқан. Нидерланд мемлекеттік прокуратурасы 2014 жылдың жазында көтерілісшілер күштерін басқарған Ресей азаматы Игорь Стрелков пен оның қарамағындағы үш адамды апатқа қатысы бар деп айыптады. Сот ісі Гаага сотында 2020 жылы 9 наурызда басталды[ 

Украинаның шығысындағы қақтығыстарға қатысқан барлық тараптар әуе лайнерінің апатына қатыстары жоқ екенін айтумен болды. Ресей Қорғаныс министрлігі және Ресейдің басқа да лауазымды тұлғалары тергеу нәтижелерін көпшілік алдында теріске шығарады және апатқа қатысуын жоққа шығарады.

2018 жылы 24 мамырда Аустралия мен Голландия билігі ресми түрде Ресейдің әуе апатына кінәлі екенін мәлімдеді.

Ұшақтың атып түсуі Батыс мемлекеттерінің Ресейге қарсы халықаралық санкцияларының жаңа толқынын салуға итермеледі.

Байланысты жаналықтар

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025
MalimBlocks
Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады