Ресей шабуылынан 1 адам қаза болып, көптеген тұрғын жарақат алды

Malim Админ

  • 24.12.2024

Украина Ішкі істер министрі Игорь Клименко Ресейдің Кривой Рог қаласына зымыранмен жасаған шабуылынан 11 адамның жарақат алғанын хабарлады. Бұл туралы ВВС жазды.

«18:20-ға дейін бір адамның қайтыс болғаны белгілі. Тағы 11 адам жарақат алды, олардың арасында 16 жастағы қыз бар», – деп жазылған Ішкі істер министрінің телеграм-арнасындағы хабарламада.

Министр Ресейдің зымыраны төрт қабатты тұрғын үйдің бір бөлігін толық қиратып кеткенін хабарлады. Сонымен қатар, дүкендер, 20-дан астам көлік және көрші үйдің терезелері зақымдалған.

«Рождество алдындағы кеште жау Кривой Рог қаласындағы тұрғын үйге соққы жасады. Отбасылар мерекені жақындарымен бірге қарсы алу үшін үйлеріне қайтып келе жатқанда, Ресей тағы да қатігездікпен адамдарды өлтіріп жатыр», – деп жазды Украина Ішкі істер министрі.

Украина өткен жылдан бастап Рождествоны әлемнің көпшілігімен бірге 25 желтоқсанда атап өтеді. Рождествоны 7 қаңтардан 25 желтоқсанға ауыстыру туралы жарлықты Украина президенті Владимир Зеленский 2023 жылы жазда шығарған.

Байланысты жаналықтар

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

25.12.2024

Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

12.12.2024

Лавров Еуроодақ кеңістігіне ұшып барды

05.12.2024

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

22.11.2024

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

21.11.2024
MalimBlocks
Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

«Біз «Орешник» кешені майдандағы жағдайды өзгертетін фактор деп санамаймыз. Бұл, ең алдымен, Ресейдің Украинаны қорқытуға бағытталған тағы бір әрекеті, бірақ бұл әрекет сәтсіз болары сөзсіз»,

Лавров Еуроодақ кеңістігіне ұшып барды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захароваға алдымен виза беріліп, кейін оның күші жойылды.

Зеленский: «Путинді тек күшпен ғана тоқтатуға болады»

Бүгін біздің есалаң көршіміз өзінің шын мәнінде кім екенін, еркіндікті, жалпы адамдардың өмірін қалай жек көретінін және соншалықты қорқақ екенін көрсетті.

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

Украина дабыл жүйесін іске қосты