Ресейге санкция күшейген соң, мұнай бағасы 81,11 долларға жетті

Malim Админ

  • 13.01.2025

АҚШ Ресейдің энергетика саласына қарсы кең масштабтағы санкциялар енгізген соң мұнай бағасы соңғы 4 айдағы ең жоғары деңгейге көтерілді.  Бұл жөнінде «Черный лебедь, рак и щука» телеграмм арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

13 қаңтарда Brent маркалы фьючерстер 1,35 долларға қымбаттап, баррелі 81,11 долларға жетті, ал бір күн ішінде ең жоғары баға 81,44 доллар болды. Бұл тамыздан бергі ең жоғарғы деңгей.

Жаңа санкциялар 10 қаңтарда жарияланды. Шектеулерге «Газпром нефть», «Сургутнефтегаз» және көптеген мұнай сервис компаниялары мен танкерлер ілінді. Компаниялар арасында Алматыдағы Фурманов (қазіргі Назарбаев көшесі) даңғылында орналасқан «Gazprom Neft Kazakhstan LLC» ұйымы да бар.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 4-тоқсанына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы 1 баррель үшін 37 378,60 теңге деп белгіленген.

Фото: РИА новости

Байланысты жаналықтар

Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр

22.11.2024
MalimBlocks
Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр

Солтүстік Корея Ресейге берген қару-жарағы мен соғысқа аттандырған сарбаздары үшін Ресейден мұнай алып отыр