Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр
Солтүстік Корея Ресейге берген қару-жарағы мен соғысқа аттандырған сарбаздары үшін Ресейден мұнай алып отыр
Биылғы жылдың наурыз айынан бері Ресей Солтүстік Кореяға миллион баррельден астам мұнай жеткізді. Мұндай қорытындыға британиялық Open Source Center зерттеу орталығы спутниктен түсірілген суреттерді талдағаннан кейін келді, – деп жазады ВВС.
Сарапшылар ВВС-ге Солтүстік Корея Ресейге берген қару-жарағы мен соғысқа аттандырған сарбаздары үшін Ресейден мұнай алып отырғанына сенімді екендерін айтқан.
Open Source Center 2024 жылдың 7 наурызында Солтүстік Кореяның оқ-дәрілерінің Ресейге жеткізілгені туралы алғашқы ақпараттан соң өтеміне мұнай ала бастаған болуы мүмкін деп болжайды. Жеті айдан бері олар Ресейден үздіксіз мұнай тасымалдаған. Соңғы рет 5 қарашада алған.
«Солтүстік Корея санкцияға ілінгеннен бері алғаш рет тұрақты түрде мұнай алып отыр», – дейді Open Source орталығының аға сарапшысы Джо Бирн.
Солтүстік Корея ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ның санкциясына іліккен және жылына 500 мың баррельден астам мұнай сатып алуға тыйым салынған.
Open Source Center айтып отырған миллион баррель (56 мың тонна) Ресей үшін өте аз көлем: ресми деректер бойынша Ресей күніне бұдан он есеге артық мұнай өндіреді.
Open Source Center миллион баррельдің ең аз болжам екенін айтады, өйткені олар теңіздегі тұманға байланысты кейбір рейстерді бақылай алмаған.
«Тамыз айы бұлтты болды, сондықтан біз ешқандай рейстерді құжаттай алмадық», - деп түсіндірді Джо Бирн.
Англия Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми Ресей Солтүстік Кореяның қару-жарағы мен әскеріне мұқтаж, сол үшін мұнай беріп отыр деп санайды.
Солтүстік Кореяға мұнай өте қажет.
Санкцияға байланысты Солтүстік Корея жылына небәрі 500 мың баррель мұнай сатып алуына болады, сарапшылардың пікірінше, оларға жылына шамамен тоғыз миллион баррельді қажет. Сондықтан КХДР мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға мәжбүр.
Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік институтының докторы Го Мён Хунның айтуынша, олар мұнайды ашық теңізде танкерден танкерге ауыстырып, заңсыз тасымалдайды. Бұл әрі қауіпті, әрі қымбат әдіс.
«Миллион баррель Ресей сияқты мұнай өндіруші ел үшін ештеңе емес, бірақ Солтүстік Корея үшін бұл айтарлықтай көлем».
Фото: ВВС