Рим папасы орыс пен украинды «туысқандар» деп атады

Malim Админ

  • 16.12.2024

Рим папасы Франциск француздың Корсика аралына барған сапарында Украина мен Ресейде бейбітшіліктің тезірек орнауын тілеп, украиндер мен орыстарды «туысқандар» деп атады. Бұл сөзі украиналықтардың ашуын туғызды, деп хабарлайды ВВС.

Ватиканның ресми хабарламасында украин және орыс халқына «болуы тиіс бейбітшілік үшін» дұға еткені айтылған. «Олар – өзара ағайын, туысқандар. Олар екеуара түсіністікке келсін. Соғыстың түбі – жеңіліс. Барша әлемге бейбітшілік тілеймін!» деген Рим папасы.

Рим папасының екі елдің «туысқандығы» туралы сөздері украиналықтардың шамына тиді, себебі ресейлік саясаткерлер екі халықтың туыс екенін жиі айтады, олар бұл сөзді өз агрессиясын ақтау үшін пайдаланады.

Айталық, Ресей президенті Владимир Путиннің «Орыс және украин халықтарының тарихи бірлігі туралы» атты мақаласы шапқыншылыққа идеологиялық негіз қалаған құжаттардың бірі болды.

2024 жылдың наурызында Франциск Украинаны «жағдай нашарламай тұрып келіссөз жүргізуге» шақырып, Киевтің «ақ ту көтеруі» мүмкін екенін айтып, адам шығындарын болдырмауға үндеген. Украинаның сол кездегі сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Жақсылық пен жамандық шайқасында шын мықтылар  – жақсы жақты таңдайды, екеуін бірдей етіп көрсетіп, әділетсіз келіссөзді айтпайды» деп жауап берген.

Сонымен қатар, 2023 жылы Пасха мерекесі алдында Украина сыртқы істер министрлігінің өкілі Ватиканның Украина мен Ресейдің балаларын бірігіп Құдайға қызмет етуге шақырғанын да өкініш білдірген еді.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: Рим Папасы зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды

11.04.2024

Жаңа ғасырдан Жаңа Қазақстанға дейін: Рим папалары Назарбаевқа не айтты, Тоқаевқа не айтты?

15.09.2022
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: Рим Папасы зардап шеккендер үшін дұға етуге шақырды

Ол Украина мен Мьянмадағы қақтығыстардан зардап шеккендер үшін де тілек тілеуді сұраған. 

Жаңа ғасырдан Жаңа Қазақстанға дейін: Рим папалары Назарбаевқа не айтты, Тоқаевқа не айтты?

2001, 2022 жылдары Рим папасы Қазақстанға келді. Әр жылдары Рим папасы болған Иоанн Павел ІІ мен Францискке Қазақстан президенттері не айтты?