Саяси тұтқындар жазасын өтеген тағы бір лагерь табылды

Malim Админ

  • 31.05.2021

Ақмола облысында саяси тұтқындарға арналған тағы бір лагерь табылды.

Ақмола облысының мемлекеттік мұрағат басшысы Темірбек Батырхановтың сөзінше, Зеренді ауданындағы Чаглинка өзенінің сол жағалауында 1930 жылдары саяси тұтқындарға арналған лагерь жұмыс істеген. Онда бір жылдан 25 жылға дейін сотталған 3 мыңға жуық адам жазасын өтеген.

«Былтырдан бері облыстық мұрағат қызметкерлері НКВД-ның  №14 колониясына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл колонияның өзі Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл колонияға Кеңес одағының батыс аймақтарынан саяси тұтқындар жіберілген. Дерек бойынша, лагерьде бір жылдан 25 жылға дейін сотталған 3 мыңға жуық адам жазасын өтеген. Тұтқындарды лагерь аумағында топтастырып жерлеген. Бұл жер олар үшін бауырластар зиратына айналған», - дейді Батырханов.

Лагерь 1953 жылы Иосиф Сталин өлгенен кейін таратылып, оның орнына Приречное ауылы құрылған. Оның директоры болып лагерь басшысы болған Иван Коновалов тағайындалған. Саяси тұтқындар да осы ауылда қалған. Олардың ұрпақтары әлі күнге дейін Приречноеда тұрады.

Бүгін өткен ғасырдың 20-50 жылдарында болған ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1920-1930 жылдардағы ашаршылықтан 4 миллионға жуық қазақ опат болған. 20 мыңнан астам адам түрмеге жабылып, ату жазасына кесілген.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылдады. 1997 жылдан бері 31 мамыр «қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде аталып келеді. Бірақ бірқатар тарихшылар мен азаматтық қоғам өкілдері «билік осы күнге дейін ашаршылық пен репрессияға тиісті саяси баға берген жоқ» деп есептейді. Олар ашаршылықты «Кеңес одағының қазақ халқына жасаған геноциді деп тану қажет» деп есептейді. Бірақ билік өкілдері әлі күнге дейін үнсіз. Тіпті жақында парламент сенатының спикері Мәулен Әшімбаев «ашаршылықты саясиландырудың қажеті жоқ» деп мәлімдеген.    

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023

Болат Назарбаев қайтыс болды

13.11.2023

Прощай, Миттал. Казахстан ждет новых иностранных инвесторов

09.11.2023
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.

Болат Назарбаев қайтыс болды

Сағат 9.28-де оның жүрегі тоқтағаны жазылды

Прощай, Миттал. Казахстан ждет новых иностранных инвесторов

Очередную пятилетку индустриализации задумали в правительстве. В четверг, на заседании сената, министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев рассказал о 15 инвестиционных проектах, которые к 2029 году должны обеспечить налоговые поступления в бюджет в размере 960 млрд тенге. Ожидается, что показатель ВВП повысится на 4,7%. Но как это отразится на жизни граждан, Шарлапаев не уточнил.