Семей тарихы Ямышев қақпасынан бастала ма?

Malim Админ

  • 14.07.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Абайдың 175 жылдығына орай Семейді «Қазақстанның тарихи орталығы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Алайда, ақын тойы өткен соң, тарихи маңызға ие Алаштыың мәдени астанасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалы нашарлағаны өз алдына бір тақырыпқа айналды. Бұл тұрғыда қаланың рухани-мәдени ерекшелігі туралы сөз қозғаудың өзі басы артық әңгіме.

Бірақ та автобусты сарыла күтіп, діттеген жеріне жете алмай жүйкесі жұқарып, жарты жылға жетпей әкімі ауысатын қала тұрғындарының есін кіргізіп, еңсесін тіктеу керектігін «түсінген» Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Фейсбук» әлеуметтік желідегі парақшасында бүйректен сирақ шығарған пост жариялады.

Қаланың тарихи маңызы тап содан бастау алғандай, Абай көшесінің сол жақ бұрышына қоныс тепкен, Ресей патшалығының отарлау саясатынан хабар беретін «Ямышев қақпасы» атты тарихи ескерткіш туралы «сыр шертуді» дұрыс санапты. Сонымен ұлттық ұстанымға қайшы келетін бұл жазбада былай делініпті:

«Ескерткіштің сипаттамасы: (Ямышев қақпасын айтады-авт) 1718 жылы I Петрдің жарлығымен Семейден 18 шақырым жерде Семипалатный қамалының негізі қаланған. Ертіс суының көктемде тұрақты түрде тасуының салдарынан 60 жылдың ішінде қамалдың орны үш рет ауыстырылған. 1776 жылы қамал қайтадан биіктеу жерге салынған, сол арада қазір де Семей қаласы тұр. Соңғы қамал өзеннің оң жақ биіктеу жағасында орналасты, үстіңгі жағы биік ағаш дуалмен қоршалды, дуалдың асты топырақпен көтерілді. Қамалдың зеңбірек орналасқан екі батионы және үш қақпасы болды. Ямышев қақпасы оң жақ бетте, Семипалатинский қақпасы Ертістің тік жағасына қарай шықты, ал Усть-Каменогорский қақпасы - шығыс жағасында болды.

Біздің заманымызға дейін осы үш қақпаның біреуі – батыс қақпасы ғана жетті. Теміржолға дейін баратын жолдың құрылысын жүргізуге кедергі жасап тұрғандықтан, 1970 жылғы қараша айында аталмыш қақпаны Ертіске қарай 50-метрге жылжыту шешілген. 1973 жылы қақпаның орны ауыстырылған, тағанының негізіне тақталар салынған. Қамал қақпасы мен қамал қабырғалары инженер – капитан Г. И. Андреевтің басшылығымен және соның жобасымен салынған. Қақпаның үлкен аркалары бар, төбесі шатырлы, карнизінің түрі қарапайым сурет секілді. Аркасының қабырғалары жоғары қарай иіліп барып, бір шағын тоннельге айналады. Батыс қамал қақпасының түрі толық жаңғырудан өткен. Темір қақпалары құлыппен бекітіледі. Бұрынғы кездегі секілді қамал қақпаларының жанына лафетке зеңбіректер орнатылған»,-  делінген екен. (КЕЙІН БҰЛ ПОСТЫ БӨЛІМ ПАРАҚШАСЫНАН ТАБА АЛМАДЫҚ)

Соңғы сөйлем ішіндегі «зеңбіректер орнатылған» деген сөздің өзінен –ақ орыс империясының қазақ даласын отарлауға келгенгі ап-айқын көзге ұрып тұр ғой. Егер бұл жергілікті өлкетанушылардың (өзге ұлттың тілінде сөйлейтін) пікірі болса, іштей түсінгендей болар едік. Алайда, Семей қалалық әкімдігіне қарасты білдей қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі осылай пост жарияласа не деуге болады?!..

Осы тұрғыда белгілі тарихшы, Шәкәрім атындағы Семей университетінің профессоры Мұхтарбек Кәрімов оны насихаттаудың, жариялаудың қажеті жоқтығын айтады.

– Тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру қажет шығар. Бірақ, мұндай сипатта жариялаудың маңызы жоқ. Қайбір жылы қаланың 300 жылдық мерейтойын атап өту керектігі туралы «бастама» көтерілгенде Семейдің тарихы тереңде екендігін айтып, әрең тоқтатқан едік. Ал, бұл нысанның қандай сипаты бары «Википдияда» онсыз да тұр емес пе? Басқа дүниемізді түгендеп алсақ та жеткілікті, – дейді М. Кәрімов.

Ал аталған постқа байланысты тарих ғылымдарының кандидат Амантай Исин оның «Өлкетанушылар Семей бекінісі орнының үш рет ауыстырылғанын жоққа шығарған. Ол - ескірген тұжырым» екендігін айтып арнайы пікріні жазып қалдырды.

Маңызды тақырыпты ары қарай тереңдету мақсатымен Семей қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назарке Аққожинаға қоңырау шалғанымызда тұтқасын көтермеді. Ал, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Самат жолда кетіп бара жатқандығын айтып, құтылуға мәжбүр болды.

Сәтжан Қасымжанұлы, 

Семей

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.07.2024

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

23.07.2024

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024

Тоқаев еңбек демалысына шықты

23.07.2024

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

23.07.2024

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

22.07.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

Соғыс жағдайын жалғастыру үшін 339 дауыс берілді

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

Мәсімовтің өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Тоқаев еңбек демалысына шықты

Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалды. 

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

Оның мұндай қадамға баруына президент Джо Байденнің додаға қатысудан бас тартуы себеп болған. Бұл туралы NBC News хабарлады.