SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

Табыстың өсуі бүкіл әлемде байқалды және бұл, әсіресе, Ресей мен Таяу Шығыстағы компаниялар арасында қарқынды болды

Аялдар Күнтуған

  • 02.12.2024

                             Фото: www.sipri.org

2023 жылы әлемдегі ең ірі 100 қару өндіруші 632 миллиард доллар табыс тапқан. Табыстың өсімі бүкіл әлемде тіркелді, ең жоғары өсім Ресей мен Таяу Шығыстағы компанияларда байқалған. 2 желтоқсанда халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) арнайы есебін жариялап, осындай мәлімет таратты.

Қару-жарақ пен қызмет көрсетуден 100 үздік компания табысы 2023 жылы 632 миллиард долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға артық. Табыстың өсуі бүкіл әлемде байқалды және бұл, әсіресе, Ресей мен Таяу Шығыстағы компаниялар арасында қарқынды болды. Газа секторы мен Украинадағы соғыстар, Шығыс Азиядағы шиеленістің артуы және басқа аймақтар мен елдердегі әскерді қарумен қамту бағдарламаларына байланысты жеңіл қаруға өндірушілерге сұраныс артқан.

Әлемдегі жетекші қару-жарақ компаниялары өндірісті ұлғайтып жатыр

Осы сала өнеркәсібінде көш бастайтын 100 үздік жаһандық компанияның қару-жарақ сатудан түскен жалпы кірісі 2022 жылы құлдырағаннан кейін өткен жылы күрт өсті, олардың төрттен үш бөлігі дерлік сол уақыттан көп табыс тапты, дейді SIPRI сарапшылары.

«2023 жылы қару-жарақтан түсетін кіріс айтарлықтай өсті, ол 2024 жылы да сақталуы мүмкін», – дейді SIPRI бағдарламасының әскери шығындар мен қару-жарақ өндірісі бойынша зерттеушісі Лоренцо Скараццато.  

Ресейлік қару-жарақ компанияларының кірісі күрт өсті

Деректердің жетіспеуіне байланысты тек екі ресейлік компания үздік 100-дің қатарына енді, бірақ олардың жалпы кірісі 40%-ға өсіп, шамамен 25,5 миллиард долларға жетті. Бұл өндіріс орындарына тікелей иелік етпейтін, бірақ көптеген қару өндірушілерді бақылайтын Rostec мемлекеттік корпорациясының кірісінің 49%-ға артуына байланысты болды, оның ішінде жетеуі бұрын әлемнің үздік жүз компаниясына кірген. Ал қазір олардың нақты табысын анықтау қиын.

«Ресейдегі қару-жарақ өндірісі туралы ресми статистика тапшы және күмәнді, бірақ сарапшылардың көпшілігі 2023 жылы жаңа әскери техниканың өндірісі айтарлықтай өсті, ал Ресей федерациясының қолданыстағы арсеналы ауқымды жаңарту мен модернизациядан өтті деп санайды», - деді сарапшы Нан Тянь. Атап айтқанда, әскери ұшақтар мен тікұшақтар, дрондар, танктер, оқ-дәрілер мен зымырандар Ресейдің Украинадағы шабуылы кезінде өндіріс қарқынын арттырған.

Украиналық компаниялардан тек «Укроборонпром» мемлекеттік концерні рейтингке енді. SIPRI мәліметтері бойынша оның кірісі 69 пайызға өскен.

АҚШ компаниялары: кіріс көбейген, проблемалары да бар

АҚШ-та орналасқан әлемдегі ең ірі 100 қару-жарақ компаниясының 41-і 317 миллиард доллар табыс тапты, бұл 100 үздік фирманың қару-жарақтан түскен жалпы кірісінің жартысы және 2022 жылдан 2,5%-ға көп. 2018 жылдан бері саладағы ең үздік бес компания да Американыкі.

Еуропалық қорғаныс өнеркәсібі әлемнің артында қалды

Өткен жылы Еуропадағы (Ресейді қоспағанда) 100 үздік компанияның 27-сінің қару-жарақ сатылымы 133 миллиард долларды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда небәрі 0,2%-ға артық, бұл әлемдегі кез келген аймақтағы ең төменгі өсім көрсеткіші. Дегенмен, бұл қарапайым фигураның артында анық емес сурет жатыр. Күрделі қару-жарақ жүйелеріне маманданған еуропалық фирмалар 2023 жылы негізінен ескі келісім-шарттар бойынша жұмыс істеген және оларды 2023 жылғы тапсырысын көрсетпеген.

Лоренцо Скараццатоның айтуынша, күрделі қару жүйелерін өндіруге ұзағырақ уақыт кетеді, сондықтан оларды шығаратын компаниялар сұраныстың өзгеруіне баяу жауап береді. «Бұл жаңа тапсырыстардың көбеюіне қарамастан, 2023 жылы мұндай фирмалардағы табыс салыстырмалы түрде әлсіз болғанын түсіндіреді», – деп қосты Скарацато. Сонымен қатар, бірқатар басқа еуропалық қару өндірушілер Украинадағы соғысқа байланысты, әсіресе оқ-дәрілерге, артиллериялық қарулар мен снарядтарға, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне сұраныстың арқасында кірістерін айтарлықтай өсірді.

Атап айтқанда, Германия, Швеция, Украина, Польша, Норвегия, Чехия елдерінің компаниялары бұл сұранысты қанағаттандыра алды. Мысалы, Германияның Rheinmetall компаниясы 155 мм артиллериялық снарядтар өндіру қуатын арттырды және оның кірісі «Леопард» танктерін жеткізу және одан өзге соғысқа байланысты бағдарламалардың арқасында өсті. Олардың мәні мынада: бір ел Украинаға белгілі бір қару түрін жіберіп, оның орнына өз одақтастарынан осындай қару алады.

 Оңтүстік Корея мен Жапонияның әскери-өнеркәсіптік кешені көш бастап тұр

Азия мен Океанияда орналасқан үздік 100 компанияның 23-інің кірісі 5,7%-ға өскен. Олар136 млрд долларға қару-жарақ сатқан.

Оңтүстік Кореяның төрт компаниясының пайдасы 39%-ға өскен, бұл $11,0 млрд құрады. Ал бес жапондық компания 35% -ға кірісін арттырған және 10,0 млрд болды, Токионың елдің әскери қуатын нығайту саясаты 2022 жылдан бастап Жапонияның ішкі нарығында тапсырысты көбейтті.

Таяу Шығыс: қару жасаушылардың кірісінің өсуі Газа мен Украинадағы қақтығыстармен байланысты

Әлемдегі ең ірі әскери-өнеркәсіптік кешен компанияларының жүздігіне Таяу Шығыстан алтауы кірді. Олардың жалпы табысы 18%-ға өсіп, 19,6 млрд долларды құрады.

 «Таяу Шығыстағы ең ірі 100 қару-жарақ өндірушілерінің кірістері 2023 жылы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті және өсу жалғаса беретін сияқты, – деп болжайды SIPRI әскери шығындар және қару-жарақ өндірісі бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Диего Лопес да Силва. – Атап айтқанда, өткен жылдағы рекордтық кіріспен қатар, Газа секторындағы соғыс кезінде израильдік қару-жарақ өндіретін компанияларға тапсырыстар ртып отыр».

Байланысты жаналықтар

Ресей түнімен «Шаһит» дронымен шабуылдады

03.12.2024

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

02.12.2024

Зеленский одақтастарынан көмек сұрады

25.11.2024

АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

18.11.2024

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

13.11.2024

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

11.11.2024
MalimBlocks
Ресей түнімен «Шаһит» дронымен шабуылдады

«Энергетиктер мен құтқарушылар шабуылдың салдарын жоюда. Суды жинап, телефондарыңызды зарядтаңыз. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады»

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

«Біз уақытша басып алынған аумақтарды ешқашан заңды түрде Ресейдікі деп танымаймыз, бұл тек біздің жеріміз», – деді Украина лидері.

Зеленский одақтастарынан көмек сұрады

Ресей халқымызды қырып, қорқыныш пен үрей тудырып, бізді әлсіз, өзіне бағынышты елге айналдыруды көздеп отыр

АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

«Мен Украина біз берген қаруды тек жебелерді тоқтату үшін ғана емес, садақшыларды өлтіру үшін де пайдалана алуы керек деп бірнеше рет айттым»

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

Бұл соңғы 73 күнде болмаған ең ірі шабуыл.

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті