Тапшылықтың құны: Қазақстан Ресейге көп ақша төлеп, аз су алады

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 26.05.2021

Қазақстан биыл Ресейге көп ақша төлеп, аз су алады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани Исқалиевтің сөзінше, Қазақстан биыл Ресейге былтырымен салыстырғанда көп ақша төлеп, аз су алған. Себебі қаржының басым көпшілігі суға емес, су айдайтын насос станциясына кеткен.

«Былтыр 180 миллион кубметр су үшін үш миллиард теңге төледік. Биыл су үшін Ресей тарапына 4,2 миллиард теңге төлеу жоспарлануда. Бұл қаржыға 180 миллион емес, 140 миллион кубметр су болады. Су Саратов облысынан келеді. Ол жақта электр энергиясының тарифі қымбаттаған. Суды Жайық өзенінен 92 метр биіктікке шығарады. Біз насос станциясының шығындарын да төлеуге мәжбүрміз», - деді Исқалиев кеше елорда да өткен баспасөз брифингінде.

Су мәселесінде Батыс Қазақстан облысы Ресейдің Саратов және Волгоград облыстарына тәуелді. Жыл сайын БҚО Саратовтан – 54 млн метркуб, Волгоградтан – 28 млн метркуб су алады. Бірақ бұл су жеткіліксіз. Батыс Қазақстанды толық сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 131 млн метркуб су қажет. Қазақстан Ресейден 1 метркуб суды 4,6 рубльге сатып алады. Наурызда премьер-министр Асқар Мәмин Ресейден су сатып алуға қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол «Батыс Қазақстан облысына Ресейден 131 млн метр куб су сатып алуға байланысты 3,5 млрд теңге қаржы бөлу мәселесі 2021 жылға арналған бюджеттің мүмкіндігіне қарай қарастырылатынын» айтқан.

Наурызда Ресей Федерациясы Орынбор қаласын сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Орал өзеніне бөгет салатыны жөнінде ақпарат тараған. Болжам бойынша, бөгет құрылысына 300 миллион рубль жұмсау жоспарланған.

Еуропаның ұзындығы жағынан үшінші өзені болып саналатын Оралдың суы онысызда жыл өткен сайын азайып барады. 2010 жылдан бері өзен 2,5 метрге төмендеген. Қазірдің өзінде Оралдың бойында 12 су бөгеті бар. Өзен суының тартылуы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан басталған. Қазір жұмыс істеп тұрған 12 бөгеттің әрқайсысының көлемі 10 млн метр кубты құрайды. Экобелсенділер бұл алдағы уақытта экологиялық қиындықтармен қоса, Қазақстанның су қауіпсіздігіне де үлкен соққы болуы мүмкін екенін айтқан.  

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады