Тоқаев Орталық Азияға Ресей мен Қытайды да шақырады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орта Азия елдері басшыларының саммитінде бірнеше бастама көтерді.

  • 21.07.2022

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орта Азия елдері басшыларының кездесуінде бірқатар бастама көтеріп, көрші, бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару туралы ұсыныстар да айтты. Соның бірі – Орта Азия елдерінің географиялық шектеулерден азат болуы жайлы. Қазақстан президенті мұндай шаруаларға Ресей мен Қытайды да араластырған дұрыс деп санайды.

Президент Тоқаевтың айтуынша Қытай мен Ресей басшылары мұндай жиындарға қонақ ретінде шақырылу керек.

«Сыртқы аймақтағы стратегиялық әріптестермен қарым-қатынасқа келсек, Қазақстан жан-жақты форматтағы Орта Азия мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасы Концепциясын қабылдауға болады деп есептейді. Меніңше, біз қатып қалған географиялық шектеулерге ұрынбауымыз керек. Орта Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуінің жұмысына сыртқы мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғалары қонақ ретінде қатысуына болар еді, мысалы Ресей мен Қытай», - деді ол.  

Бұл ұсыныстың айтылуы бір қарағанда заңды нәрсе. Өйткені, Қазақстан сыртқы саясасатта Ресей мен Қытай сияқты алпауыт елдермен бұрыннан әріптестікте жұмыс істеп келеді. Ресей-Қазақстан шекарасы әлемдегі ең ұзын шекаралық шектесу болса, Қытай да Қазақстанның көп бөлігімен шектеседі. Және бұл екі елмен де бұрыннан көптеген экономикалық, стратегиялық байланыс орнаған. Және Орта Азия елдері де бұл екі елмен алыс-берісті біршама жолға қойғаны белгілі. Сол себепті, Орта Азия елдері арасындағы байланысты кеңейте түсуге мүдделі ел тек Қазақстан ғана болмауға тиіс. Себебі, «аймақтың көлік байланысын арттырып, біртіндеп транзитке жағдай жасау керек. Картаға көз салсақ, Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Кавказдың түйіскен жерінде орналасқан Орталық Азияның географиялық ерекшелігі айқын көрінеді». Одан бөлек Қазақстан президенті мынадай да уәж айтты:

«Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы ынтымақтастық жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Бұл бәріңізге белгілі. Соған қарамастан, қарым-қатынасымыздың уақыт сынына төтеп беретініне және күрделі геосаяси жағдайда орныға түсетініне сенімдімін. Аймақ елдері халықаралық шиеленіс күшейе түскен бетбұрыс кезеңде өздерін лайықты ұстай алады. Бұған прагматикалық және теңгерімді сыртқы саясатымыз ықпал етеді. Елдеріміздің аумағы ежелден өркениеттер арасындағы алтын көпір қызметін атқарған. Менің пікірімше, қазіргі уақытта да Орталық Азияның маңызды миссиясы – жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелесуші полюстері арасында дәнекер болу. Ерте ме, кеш пе күрделі геосаяси қайшылықтар кезеңі аяқталады. Арадағы алтын көпір қызметі қалады және бауырлас халықтардың келешек ұрпағы үшін теңдессіз мұраға айналады. Ортақ мүдделерді ескере отырып, іргелі міндеттерді шешуге мән беруді ұсынамын», - деп, бірнеше ұсыныс айтты.

Ол ұсыныстардың ішінде Астана қаржы орталығынан бастап, Транскаспий жолы сияқты Тұран одағы және аталған Қытай, Ресей және Орта Азияға қатысты Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының, «Бір белдеу – бір жол» бағдаралмасының маңызы зор екенін, бұрыннан қалыптасқан, жолға қойылып келе жатқан бұл жүйені тиімді пайдалану керектігі айтылды.

Соңғы бес жылда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен алыс-беріс, яғни, тауар айналымы 42 процентке өсіпті. Бұл қазіргі уақытта көршілес, бауырлас елдер мен Қазақстан арасындағы тауардың сомасы 6,3 миллиард доллардан асып жығылғанын кқрсетіп отыр. Осы мәселеерді алға тартқан Қазақстан президенті осы жиында негізінен бес бағыт бойынша ұсыныс айтты. сауда-экономикалық хабтар желісін іске қосу, экспорт көлемін арттыру, аймақтық транзит тізбегін кедергіден тазарту, Орталық Азияның экологиясын сақтау, білім мен ғылымды бірлесіп дамыту және аймақтағы су мәселесін шешу жөнінде. Қазіргі уақытта құжаттық негізде дайындалып жатқан ырғызстанда Қамбар ата су электр станциясы құрылысының жобасы да сөз болды. Қырғызстан және Өзбекстан тарапымен жемісті келіссөздердің жүргізілгенін, бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасатынын айтып өтті.

Жалпы, бұл жиында Қазақстан бастап, өзгелер қостап, қолға алынуға тиіс мәселелердің ең басында Орта Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету мәселесі айтылды. Мәселен, сарапшылар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бес шекаралық бекеттің жұмысын жандандыра түсу, кезекті азайту бойынша кездесіп тұратын қиындықтардың сөз болғанын жетістік деп есептейді.

«Қазақстан мен қырғызстан арасында бес шекера бекеті бар. Сол бекеттерде көптеген келеңсіз жағдайлар туындап тұратын. Халықтың наразылығын тудыратын мәселелер болатын. Құжаттар толтыруға байланысты бюрократиялық қиындықтар тууына байланысты шағым көп болады. Адамдардың өтуі, көлік-транзиттік тексерістерге қатысты кедергілер. Осы жолы соған байланысты құжаттарды рәсімдеу мен тексерістерді цифрландыру, кедендер жұмысын заманауиландыру арқылы кеденнен өтудің уақытын азайту туралы келісім сөз болды. Бұл осы сапардағы ең басты жаңалықтың бірі дер едім», - дейді Қазақстан Республикасы Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Әсел Назарбетова.

Бұл мәселе биылғы мамыр айындағы Бішкек сапарында да сөз болған. Бұл жолы Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы бойынша барлығы 10 құжатқа қол қойылды. Облыстар, министрліктер, үкіметтер арасындағы бірнеше бағыт бойынша бекітілген құжат екі ел арасындағы және Қазақстанның Орта Азия елдерімен қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп есептеуге болады.

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды