Тоқаев Зүлфия Сүлейменованы кеңесші қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбеде туған.
2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. 2016 жылдан бастап Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында (GRIPS) PhD докторантурасында оқыды.
Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.
2014–2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері.
2015–2017 жылдары – БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (Бангкок, Таиланд) қоршаған орта және даму, энергетика, макроэкономикалық саясат және даму қаржыландыруы бөлімдерінде жұмыс істеді.
2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасында (Түрікменстан және Қазақстан), сондай-ақ БҰҰ ЭСКАТО-ның қоршаған орта және даму дивизионында қызмет атқарды.
2020–2021 жылдары – Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары.
2021–2022 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылғы 4 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін – Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрі.
2023 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.
Айта кетейік, бүгін Ақордада бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.
Атап айтқанда, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев пен Президент көмекшісі Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Құнсылу Закарья да қызметінен босатылды.
Фото: Ақорда