Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті
Фото: РИА новости
«Рождество таңында Ресей Украинаға әртүрлі типтегі зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады, көздегендері – энергетика объектілері», деп хабарлады украиналық билік пен әскери күштер. Барлық ел аумағында әуе дабылы жарияланды, Киев тұрғындары метроға тығылды. ВВС-дің соңғы жаңалығы,
Энергетика министрі Герман Галущенко Ресей «қайтадан энергетикаға ауқымды шабуыл жасауда» деп мәлімдеп, осыған байланысты энергетика жүйесінің операторы электр энергиясын тұтынуды шектеу шараларын қабылдайтынын айтты. Украина бойынша жарықты өшіру кестелері енгізілді.
«Жылуэлектрстанциялары шабуылға ұшырады. Ауқымды шабуыл нәтижесінде ЖЭС жабдықтары айтарлықтай зақымданды», – делінген баспасөз релизінде. – Биыл бұл Украина энергетикасына жасалған 13-ші ауқымды шабуыл және энергетика кәсіпорындарына жасалған 10-шы ауқымды шабуыл».
Харьков, Днепр, Кременчуг, Кривой Рог және басқа да қалаларда көптеген жарылыс болған.
Харьковқа Рождество түнінде бірнеше рет зымыранмен соққылаған, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Украина Ішкі істер министрлігі. ІІМ мәліметі бойынша, қалада өрт болып, тұрғын үйлер, азаматтық инфрақұрылым нысандары, көліктер зақымданды. Облыс әкімшілігі алты адамның жарақат алғанын хабарлады.
Украина Әуе күштері түнде Ресейдің стратегиялық Ту-95МС бомбалаушы ұшақтар тобының әуеге көтерілгені туралы хабарлады, таңертең Қара теңізден «Калибр» зымырандарының ұшқаны белгілі болды. Билік өкілдерінің айтуынша, Харьков баллистикалық зымыранмен атқыланған.
Ресей Украина энергетикасына жасалған кезекті кең ауқымды шабуылына қатысты пікір білдірген жоқ.