Зеленский: Путиндікі ессіздік

Malim Админ

  • 19.12.2024

Фото: REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Владимир Путиннің «тікелей байланыс» кезінде айтқан сөздеріне пікір білдірді. Ресей президенті жаңа зымырандық кешен «Орешник» туралы мәлімдеме жасап, онымен Киевті атқылап, жоғары технологиялық «дуэль» ұйымдастыруды ұсынған болатын. Бұл жөнінде ВВС агенттігі жазды.

Зеленский Путиннің бұл ұсынысын өткір сынға алды: «Сіздер біздің кіммен істес болып жатқанымызды көріп отырсыздар ма? Бүгін «Кремльдегі жолдас» жоғары технологиялық дуэль ұйымдастыруды ұсынды. Ол «Біз, мысалы, Киевке жаңа «Орешник» зымыранымен соққы жасаймыз, ал олар өздерінің әуе қорғаныс жүйесін қойсын. Сосын не боларын көреміз» дейді. Сонда бұл адамды адекватты деп санайсыздар ма? Бұл жай ғана ессіздік», – деді Зеленский.

Путин өз сөзінде «Орешник» зымыранын ешкім атып түсіре алмайтынын және бұл туралы «жоғары технологиялық дуэль» ұйымдастыруды ұсынған болатын. Оның пікірінше, Украина Киевке әуе қорғаныс жүйелерін шоғырландырып, Ресейдің «Орешник» зымыранымен соққысын күтіп алу керек, осылайша, ХХI ғасырдағы «технологиялық тәжірибе» жасалуы мүмкін екен.

Путин бұл идеяны, шын мәнінде, «технологиялық дуэль» деп атады, бірақ Зеленский бұл ұсынысты агрессия мен ессіздік ретінде бағалады.

Байланысты жаналықтар

Зеленский Рим Папасымен кездесті

19.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025
MalimBlocks
Зеленский Рим Папасымен кездесті

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз