Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды: Ферроқорытпа зауытында болған қайғылы оқиға себебін арнайы комиссия анықтайды.

Қоғам
Қарағанды: Ферроқорытпа зауытында болған қайғылы оқиға себебін арнайы комиссия анықтайды.

Құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік мекемелердің өкілі кіретін комиссияны Қарағанды облысы, еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды.
«Оқиға орны тексерілді. Жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізіліп жатыр. Техникалық құжаттамамен танысу жүріп жатыр. Жұмыс облыс басшылығының тұрақты бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, 20 шілде күні Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде аяқ астынан өрт шыққан. Соның салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы зардап шекті.
Фото: tengrinews.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу