freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жаңа жәрдемақы түрі енгізілуі мүмкін

Қоғам
Қазақстанда жаңа жәрдемақы түрі енгізілуі мүмкін
Фото: pixabay

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Әділ Жұбанов сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына, оның ішінде II және III топтағы мүгедектігі бар және психикалық аурулары бар адамдарға тиісті әлеуметтік қорғаудың жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұбанов мысал ретінде халықаралық тәжірибені, соның ішінде Еуроодақ елдерін келтірді.

Бұл елдерде әрекетке қабілетсіз ересектерге күтім жасау әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде танылады.

Бірқатар мемлекеттерде өтемақы төлемдері қарастырылған, күтім кезеңі еңбек өтіліне есептеледі және зейнетақы жарналары мемлекет есебінен төленеді.

Депутат Үкіметке:

  • сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған азаматтардың қамқоршыларына мемлекеттік төлем енгізуді
  • қамқоршылық кезеңін еңбек өтіліне қосуды
  • күтім кезеңінде зейнетақы жарналарын мемлекет есебінен төлеуді
  • осы санаттағы қамқоршылардың құқықтық мәртебесін әлеуметтік қорғау субъектісі ретінде бекітуді ұсынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу