Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның 12 қаласында Жылу электр стансалары тозып кеткен

Қоғам
Қазақстанның 12 қаласында Жылу электр стансалары тозып кеткен

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында бірқатар өңірде Жылу электр стансалары тозып кеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство басшысы министрлік жылу желілерінің тозуы өте жоғары 12 қаланы анықтағанын атап өтті. 2023 жылдың соңында ЖЭС-тердегі орташа тозу 73% болған:

Екібастұз – 91%;

Павлодар – 83%;

Степногорск – 82%;

Атбасар – 76,5%;

Петропавл – 74%;

Ақтау – 71%;

Арқалық – 68%;

Рудный – 68%;

Семей – 68%;

Теміртау – 67%;

Кентау – 65%;

Риддер – 59,5%.

Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, алдағы жылыту маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 12 аса маңызды қалада 47,2 шақырым жолды жөндеуге 33 миллиард теңге бөлінген.

Отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметке келесі жылыту маусымына дайындық бойынша қатаң міндеттер жүктеді. Ол министрлер мен әкімдерге жаз бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуді тапсырд

Ал егер жұмысты аяқтау мерзімі кешіктірілсе немесе сапасы күткеннен төмен болса, тиісті шаралар қабылданады.

Фото: egemen.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу