Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысы: Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр

Қоғам
Қостанай облысы: Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр

Қостанай облысында Тобыл арнасына түсіп келеді. Ал Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Торғайдың қайта көтерілуіне Жангелдин ауданының солтүстігіндегі Қоңыраулы өзенінің тасуы себеп.

Нөпір су Жаркөл ауылының тұсынан қарт Торғайға келіп қосылып жатыр. Мұның басты қаупі онсыз да 30-дан астам үйін су басқан Жаркөлге төнеді.

Жангелдин ауданын сыртпен байланыстыратын жалғыз тас жолды шайып кетуі мүмкін.

Мен жаңа ғана аудан басшыларымен сөйлестім, жерігілікті азаматтар күні-түні топырақ үйіп, топан судың жолды шайып кетпеуіне мүмкіндік бермей тұр.

Ауданда әлі 10 ауылда жарық жоқ, 9 ауылмен қатынас үзілген. Ол елді мекендерге керек-жарақ тек әуе жолымен жеткізіліп жатыр.

Сондай-ақ ауданға 25 киіз үй жеткізіліп, баспанасынан айрылғандарға бөлініп берілді. Ауданда шамамен 80-ге тарта үйге су кірген - дейді ұлттық арнаның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Дәуренбек Әбдібек.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу