Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау бойыншакездесу өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Іс-шараға ҚРКФ қызметкерлері мен Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, ҚРКФ Төрағасы елдежүргізіліп жатқан конституциялық реформаның тарихи маңыздылығын атап өтті.
«Біздің елімізде ауқымды қоғамдық-саяси өзгерістер жүріп жатыр, олардың бастауыМемлекет басшысының өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қаланды. 2025 жылдың қазан айынан бастап арнайы комиссия парламенттікреформа бойынша жұмыс істеді, қазір бұл жұмыс конституциялық комиссия шеңберінде жалғасуда. Осы кезең ішінде конституциялық реформа бойынша саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және ел азаматтарынан 2000-ға жуық ұсыныс түсті. Қарау ашық форматта өтуде. 30қаңтарда Конституция жобасы жарияланып, қоғамда кеңінен талқыланды. Біздің бүгінгі талқылауымыз – бұл революция да, кенеттенжасалған демократиялық секіріс те емес. Бұл — көптеген мәселелердің тек бір ғана шешімқабылдау орталығына тәуелді болуынан құтылу әрекеті. Бұл жұмысшы, мұғалім, дәрігер мен кеншіүшін неліктен маңызды? Себебі, билік тек бірадамға ғана бағынуды қойған жерде ортақ ережелерорнайды. Ал ережелер бар жерде еңбек адамының өз дауысын естіртуге заңды құқығы пайда болады», - деді Сатыбалды Дәулеталин.
Конституция жобасының негізгі ережелерін ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев таныстырды. Ол жобада көрініс тапқан биліктің саяси, халықаралық құқықтағы, цифрлық дәуірдегі құқықтар мен отбасылық құндылықтардағы өзгерістерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде еңбек ету құқығы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
«Қолданыстағы Конституцияда «еңбек етубостандығы» бекітілген, ал жаңа жобада – «еңбек ету құқығы» деп көрсетілген. Бұл екеуінің айырмашылығы үлкен. Еңбек ету бостандығы дегеніміз — ешкім жауапкершілік алмайтын жайғана мүмкіндік екенін түсінуіміз керек. Ал Конституциядағы еңбек ету құқығы — мемлекеттің халықты жұмыспен қамтамасыз етуге тікелейжауапты болатынын білдіреді», - деп түсіндірді Нұрлан Өтешев.
Талқылау кезінде өңірлердегі әріптестер Негізгізаңның ұсынылған баптары туралы ойларын айтып, сұрақтарын қойды.
Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов Конституция жобасынталқылаудың ашық жүріп жатқанына тоқталды.
«Қазақстан тарихында тұңғыш рет Негізгі заңның жобасы ашық талқыланып жатыр. Әрбір азаматтың Конституцияға өз ұсынысын қосуға мүмкіндігі бар. Бұл халық пікірінің қазір өте маңызды екенінкөрсетеді», - деді Төлеген Күнәділов.
Алматы қаласы Кәсіподақ орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева, Шымкент қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев және Қызылорда облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев бұл реформалардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін айтты.
«Кәсіподақтар федерациясының конституциялық комиссия жұмысына қатысуы — еңбекшілердің мүддесін қорғайтын мықты, құқықтық мемлекетқұруға қосылған үлес», - деді Зәуреш Өмірбаева.
«Конституция жобасы қарапайым адамның мүддесіне арналған. Онда адамның қадір-қасиетін қорғауға кепілдік беретін негізгі құқықтар жазылған», - деп ой бөлісті Бауыржан Әлтеев.
«Жобада алғаш рет мемлекеттің жұмысшы алдындағы міндеттері нақтыланған: қауіпсіз әрі таза еңбек жағдайы, ешқандай кемсітусіз лайықты жалақы алу және заңды әлеуметтік көмек алуқұқығы бекітілген. Бұл — жобаның бастыартықшылығы», - деді ҚРКФ бас техникалық инспекторы Марат Имаш.
Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрайымы Ирина Аронова заң шығару бастамасынакімдер ие болатынын сұрады. Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы ЕрікНұрақаев әлеуметтік серіктестердің бірлесіп жұмыс істеу мәселесін көтерді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жобаның ең маңызды тұстарын атап өтті.
«Жаңа Конституция — бұл мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін құратын және қарапайым азаматтықорғауға бағытталған жаңа қоғамдық келісім. Бұл жобаның негізі — адам. Онда өмір сүру, еңбек етуқұқығы мен адам бостандығы нақты жазылған. Ережелер анық болса, еңбек адамының дауысыестіледі және ол әділдікке қол жеткізе алады. Жаңа Конституция — адам құндылығы жүйеден жоғары тұратын заң», - деді ҚРКФ Төрағасы.
Заң шығару бастамасына тоқталған СатыбалдыДәулеталин, енді бұл құқыққа Президент, Үкімет және Парламенттен бөлек, төртінші субъект — Халық кеңесі ие болатынын айтты.
«Халық кеңесі арқылы кәсіподақтар заңдарды әзірлеуге және маңызды шешімдерге тікелей әсер ете алады. Бұл — біз пайдалануымыз керек үлкен мүмкіндік», - деді ол және Ұлттық құрылтай арқылы шешілген мәселелерді мысалға келтірді.
«Көп жылдар бойы Үкіметпен келісе алмаған «Лайықты еңбек бағдарламасы» тек Құрылтайда айтылғаннан кейін ғана алға жылжыды. Президенттің тапсырмасымен біз арнайы Жолкартасын бекіттік. Енді Лайықты еңбек ұлттық бағдарламасын қабылдауға жақынбыз. Тағы бірмаңызды іс — 131-ші Конвенцияны (ең төменгі жалақы туралы) ратификациялау. Бұл мәселені тәуелсіздік алғалы бері көтеріп келеміз, тек Құрылтайдан кейін ғана Президент тиістіЖарлыққа қол қойды. Бұл жұмысшылардың жағдайын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Сондықтан Халық кеңесі сияқты органдардың Конституцияда болуы өте маңызды. Бұл кәсіподақтардың рөлін күшейтіп, қоғамдық бақылауды жаңа деңгейге көтереді», - деді ҚРКФ Төрағасы.
Жалпы, Сатыбалды Дәулеталин Негізгі заңның кезкелген мемлекет үшін қасиетті «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» ұғымдарын нығайтатынын айтты. Конституцияның Кіріспесінде алғаш рет Қазақстан халқының Ұлы Дала өркениетінің мұрагері және бес мың жылдық мемлекеттілік тарихының жалғастырушысы екені нақты жазылған.
Жиын соңында Сатыбалды Дәулеталин әр азаматтыКонституция жобасымен мұқият танысуға шақырды және кәсіподақ басшыларына бұл жұмысты еңбек ұжымдарында белсенді жүргізуді тапсырды.
«Конституция қабылданған күннен емес, адамдарсол заңмен өмір сүрген күннен бастап жұмыс істейді. Бұл — ең қиын кезең. Негізгі заңның еңбек адамы үшін шынайы қорған болатыны немесе жайғана қағаз болып қалатыны осыған байланысты. Конституция әркімге қатысты, сондықтан бейжайқалуға болмайды. Реформалар сәтті болуы үшін әрқайсымыз оның мәнін түсінуіміз керек», - дептүйіндеді ҚРКФ Төрағасы.