freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тыйым салынады": Еліміздің бас педагогы ата-аналардың бас қайғысына айналған мәселеге нүкте қойды

Білім-ғылым
"Тыйым салынады": Еліміздің бас педагогы ата-аналардың бас қайғысына айналған мәселеге нүкте қойды
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстанда мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты талаптар нақтыланды. Бұл туралы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізілуі тиіс. Бітіру кештерін мектептен тыс жерде ұйымдастыруға енді рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден қаражат жинауға қатаң тыйым салынды. Бұл талаптар оқушылардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қабылданған шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Жергілікті әкімдіктерге қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен бірге, бұл талаптарды түсіндіру жұмыстары да күшейтіледі.

Ал ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау мен түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтеді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен кездесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылаған болатын. Кездесу барысында Президентке 2025 жылдың қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі бағыттар таныстырылды. Министрдің мәліметінше, Жаңа Конституция құндылықтарын дәріптеу мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 

Жұлдыз Сүлейменова сондай-ақ ғылыми жобаларға қатысатын оқушылар мен оларды дайындайтын мұғалімдерге қатысты бірқатар оң өзгерістер бар екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, министр мектеп бағдарламасына енгізілуі жоспарланған реформаларға қатысты маңызды шешім қабылданғанын хабарлады. Атап айтқанда, бірқатар пәндерді біріктіру идеясы жүзеге аспайтын болды. Бұған дейін физика, химия және биология пәндерін "Жаратылыстану ғылымдары" курсына біріктіру, ал алгебра мен геометрияны "Математика" пәні аясында оқыту жоспарланған еді. Сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдар" пәніне топтастыру көзделген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу